Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

РИДДЕРДЕГІ БЫЛЫҚ

c 14:11, 26/10/2023 c 71

0:00 / 0:00

Риддер қаласы өткен жылы жылусыз қалғаны есімізде. Шаһардағы "Риддер ЖЭО"-да апат болып, салдарынан 22 мың шаңырақ жарықсыз қалғанды. Тіпті қалада төтенше жағдай жарияланды. Мұның бәрі тозығы жеткен жылу-энергетика саласында қордаланып қалған көптеген проблеманың бетін ашты. Биылдың өзінде Риддер жұрты үйлері салқындап кеткенін айтқан болатын. Өкінішке орай, еліміздегі Жылу электр орталықтарының 60-70 пайызының тозығы жеткен. Атап айтқанда, Екібастұз, Рудный және Риддер қалаларында халықты жылумен қамту бойынша бурқатар қиындықтар орын алды.Енді мәлім болғандай, Риддер қаласында халықтың жылусыз қалуына тек тозығы жеткен құбырлар ғана емес, оған бөлінген қаражатты жымқырғандардың да әрекеті себеп болған. Риддер қаласының ЖЭО-ның бұрынғы басшылары ақша жымқырып, мемлекетке 4,1 миллиард теңге залал келтірді деген күдікке ілініп отыр.

Агенттік өкілінің хабарлауынша, Риддер ЖЭО-ның бұрынғы лауазымды тұлғалары бұл былықтарды 2018-2022 жылдары жасаған.

Қазір бұл іске қатысты тергеу жүріп жатыр. Премьер-министрінің төрағалығымен Үкімет жанындағы Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия шеңберінде Риддер қаласындағы жылу энергиясын өндіру станциясын мемлекет меншігіне беру арқылы келтірілген шығынды өтеуді қамтамасыз етті. Шығын құны шамамен 5,5 млрд теңгені құрайды. Еске сала кетейік, бұған дейін энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев Семей, Павлодар, Шымкент, Риддер, Текелі, Шахтинск, Жезқазған Петропавл өңірлері бойынша қауіп барын айтқанды. Инфрақұрылымды жаңарту үшін тарфиті көтеруге тура келеді. Ал депутаттар өз тарапынан жылумен жабдықтау проблемаларын Forbes тізіміндегі кәсіпкерлердің көмегімен шешуді ұсынғаны есімізде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.