Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ОРМАНДЫ ҚОРҒАЙМЫЗ.КИІКТІ АТАМЫЗ.»

c 14:38, 17/10/2023 c 84

0:00 / 0:00

Экология және табиғи ресурстар министрлігін тізгіндегеніне көп болмаған Ерлан Нысанбаев ормандарды өрттен қорғаймыз, киікті атамыз деп отыр. Өздеріңізге мәлім 15 адамның өмірін қиған Семей өрті ел есінде. Бұған орманшылардың қажетті технкиамен толық қамтылмағандығы, өрттің алдын-алу жұмыстарының жүргізілмегендігі себеп болды. Мұны министрдің өзі де мойындап отыр. Нысанбаев орман шаруашылығы мекемелерін техникамен қамтамасыз ету деңгейін 70 пайызға жеткізу көзделген. Қолда бар технкианың 60 пайызы есептен шығармақ. Есіл орманында 1973-1974 жылға автоккөліктер әлі жұмыс істейді, себебі жаңасы жоқ дейді министр. Ал Семей орманына барып келген ол үкімет биыл 13 млрд теңге бөлгенін. Қазіргі таңда техника жаңартылып, 4 млрд-ты игерілгенін айтты.

Үкімет орманның өрт қаупі жоғары учаскелерінде өртті ерте анықтау жүйесін орнатуды мақұлдапты. Сондай-ақ, ең төменгі айлық алатын орманшыларды жалақасын өсіреміз дейді министр.

Семей өрті сабақ болды дейді Нысанбаев. Еске сала кетейік, маусым айында болған «Семей орманы» резерватынан шыққан өрт 15 орманшының өмірін жалмады. Елде қаралы күн де жарияланды. Сол кездегі Төтенше жағдайлар министрі болған Юрий Ильин қызметінен кеткенді. Ал экология министрі болған Зүлфия Сүлейменова көз жасын тыя алмай аман қалған болатын. Бірақ көпке ұзамай ол да экология министрі лауазымынан босатылды. Экология министрлігі үшін тағы бір басты мәселе-киік санының артып кетуі. Соңғы жылдары министрлік ақбөкендердің санын реттеу үшін оны атуға рұқсат беру, бермеу мәселесіне нүкте қоя алмай келгенді. Нысанбаев екі жолын қолданып жатырмыз дейді. Біріншісі – тор құру арқылы ұстап, етін ет өңдейтін зауыттарға жеткізу. Бұл әдіс күндіз жасалады. Екіншісі – түнде атып алу. 337 мың бас киікті жою керек дейді министр.

Киіктердің популциясы Батыс Қазақстанда көп тіркеліп отыр. Батыс өңірінің шаруалары киіктер егінімізді таптап кетіп жатыр деп шағымдануда. Экология министрі бүгінгі күні киік саны 2 млн 600 мыңның үстінде болады деп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.