Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҮКІМЕТТІҢ ЖҰМЫСЫ СЫНАЛДЫ

c 17:18, 12/10/2023 c 82

0:00 / 0:00

Үкімет басшысының орынбасары Тамар Дүйсенова Парламентке министрлер кабинетін түгел ерте келген екен. Үкімет мүшелеріне 40 аса сұрақ қойылды. Оған қоса әр фракция басшысы министрлердің жұмыстарына баға берді. Не керек үш сағатқа созылған жиында елді елеңдеткен мәселелер бойынша қызу талқылау болды. Кей депутаттар шенеуніктерге бірден тап беріп жатты. Жекешелендіріліп жатқан жер мәселесіне қатысты депутат Бақытжан Базарбек сұрақ қоямын деп Мәжіліс төрағасынан сөз естіп қалды. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабектің мәліметінше, 8,6 миллион гектар жер мемлекетке қайтарылған. Мәжілісмен Базарбек сол жерлердің иелері жайында сұрап еді, оған жауап ала алмады.

Ашудың атына мініп алған тентек депутатқа палата төрағасы ескерту жасады.

Үкіметтің атқарып жатқан жұмысына көңілі толмаған депутат Ерлан Сайыров осы қыста өңірлерде "Екібастұз апаты" қайталанбай ма деген сұрақты көтерді. Өйткені Теміртау мен Қарағандыда жылу беру маусымына дайындық нашар дейді ол. Өз кезегінде Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бұл олқылықты мойындады. Министр кешігулерге байланысты проблемалар барын айтты. Депутаттар мен халық алдында да жеке жауапкершілігін сезінетінін жеткізді. Мәжілісмендер батыс өңірінде орын алған МАЭК-гі апат, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорындағы қаржылық былықтар, пайызы шарықтаған несиені ала алмай қиналып жатқан бизнестің жағдайы, лудоманиямен күресуге үкіметтің ниет танытпай отырғандығы, теріс діни ағымдармен күрес, Қазақстан теміржолындағы проблемалар да айтылды. Автожолдардың да жағдайы мәз емес.

Не керек, Тамара Дүйсенова нөкерлерімен бірге депутаттардың сұрақпен соққан соққысына төтеп бере алмады. Вице-премьер қордаланған проблемаларды шешуге уақыт керек дейді.

Ал мәжілісмендер өз жұмысын атқара алмаған министрлердің отставкасын талап етуге шамамыз жетеді деп отыр. Қазіргі министрлерге мінез жетіспейді дейді олар.
Жиын соңында Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов министрлер кабинетіне сұрақ-жауап форматындағы мұндай отырыстар жиі өткізілетінін айтты. Яғни үкіметтегілердің арқаны кеңге салып жүруіне уақыт жоқ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.