Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ДЕПУТАТТАР ЖАҢА ИПОТЕКА ҰСЫНДЫ

c 14:23, 23/09/2023 c 83

0:00 / 0:00

Сенаторлар жаңа ипотека ұсынды. Депутат Бибігүл Жексенбай Үкімет басшысынан медицина қызметкерлеріне бөлек тұрғын үй бағдарламасын әзірлеуді сұрады.

Сенатор Жексенбай медицина саласында қызмет етіп жүрген ақхалатты абзал жандардың баспана мәселесін көтерді. Үкіметке жолдаған сауалында елордадағы мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарындағы медицина қызметкерлерінің 40%-ң баспанасыз жүргенін айтып. Тапқан-таянғанын жалдамалы пәтерге беріп жатқан дәрігерлерге арналған жаңа ипотекалық бағдарлама енгізу қажет дейді сенатор.

Сондай-ақ, депутат медицина қызметкерлері үшін демалыс күндерін ұлғайту мәселесіне де Үкіметтің назарын аударды. Емхананың медицина қызметкерлерінің жыл сайынғы еңбек демалысы күндерінің жалпы саны еңбек жағдайына байланысты күнтізбе бойынша 36-дан 42 күнге дейін болады. Ұстаздар сияқты 56 күндік ақалы демалысын дәрігерлерге де 40 күндік ақылы демалыс қылып енгізу керек дейді Бибігүл Жексенбай. Сонымен қатар ол, экологиялық апатты аймақтарда тұратын медициналық қызметкерлерге берілетін әлеуметтік кепілдіктерді, сол ядролық апатты аймақтан көшіп кеткендерге де беруді сұрады.

Тоқтала кетсек, яжролық сынақтан зардап шеккендерге қосымша еңбекақы, жыл сайын ақылы демалыс түрінде әлеуметтік кепілдік қарастырылған. Алайда сол аймақтан көшіп кеткендіктен медциан қызметкерлері бұл жеңілдіктен айырылып отыр. Сенатордың айтуынша, басқа өңірге көшкенімен, ядролық сынақтан зардап шеккендердің денсаулығы түзеліп кетпейді ғой.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.