Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖОЛДАУ ШЫҒЫНЫ

c 01:33, 07/09/2023 c 101

0:00 / 0:00

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында әлеуметтік міндеттер, қорғаныс саласын мықтау міндеттелген. Жалпы экономиканың жаңа моделін құру үшін қазынадан бөлінетін шығыс көзі де артатыны сөсіз. Жаңа министрліктер құрылып жатыр. Атом Электр Станциясын салу үшін референдум өтпек. Үкімет шығын көзін есептеді ме? Бұл сұраққа бас қаржыгер Ерұлан Жамаубаевтан жауап алуға тырыстық.

Жолдауды қолдау үшін бюджеттің шығыс көзі артады. Себебі, еңтөменгі жалақы көлемі 85 мың теңгеге өседі. Кеншілердің зейнет жасына қатысты әлеуметтік төлемдер бар. Мемлекеттің әлеуметтік салаға бөлетін шығыны қайта қарастырылмақ. Жалпы экономиканың жаңа моделін құру үшін қазынадан бөлінетін шығыс көзі де артатыны сөсіз. Өздеріңізге мәлім Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауында Атом электр станциясын салу мәселесін жалпыхалықтық референдум арқылы шешеміз деді. Ал референдум қашан өтеді? Биыл ма, келесі жылы ма? Ол белгісіз. Бірақ Орталық сайлау комиссиясы референдумға дайындықты бастап кеткен.

ШАВКАТ ӨТЕМІСОВ – ҚР ОСК МҮШЕСІ «Әзірге рефрендумның өтетін уақыты белгісіз. Орталық сайлау комиссиясында дайныдық басталды. Сайлаушылардың тізімін, сайлау комиссияларының жұмысын ретету жүріп жатыр. Егер биыл өтетін болса, Орталық сайлау комиссиясы референдум өткізуге дайын»

Ал еліміздің бас қаржыгері Ерұлан Жамаубаев Атом электр станциясын салу не салмау мәселесі бойынша өтетін референдумға бөлінетін қаржы көлемі әлі есептелген жоқ. Себебі, оның өтетін уақыты белгісіз дейді. Бірақ қаржы министрі былтыр өткен референдумға бөлінген қаражаттан аз ақша бөлінеді деп отыр. 2022 жылы Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі референдумды өткізуге бюджеттен 16,4 млрд теңге бөлінген болатын.

Жолдаудан соң, үкімет құрамының саны 5 министрлікке артқаны мәлім. Қазір елде 21 министрлік бар. Вице-премьер жаңа министрліктерді құруға бюджеттен қосымша қаражат бөлінбейтінін мәлімдеді.

Ескісінен бөлініп жаңадан құрылған министрліктер бұрынғы ғимараттарында қала береді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.