Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҮКІМЕТ ТЫНДЫРҒАН ШАРУА

c 00:05, 01/09/2023 c 76

0:00 / 0:00

Ел үкіметінің тындырып жатқан шаруасына қатысты есеп тыңдалды. Бүгін аманаттық депутаттардың алдында Президент Жолдауындағы тапсырмалардың орындалуын барысын баяндаған премьер-министр биыл мемлекеттің экономикадағы үлесі 14%-ға дейін қысқарғанын айтты. 600 мыңнан астам адам жұмысқа тұрды, бастауыш сынып оқушылары толық тегін ыстық тамақпен қамтылды. Үкімет 1,2 млн азаматтық қызметкердің жалақысын 2 есеге арттыру міндетін орындауға кірісіп кеттік дейді премьер. Жыл сайын мұғалімдердің жалақысын 25%-ке, дәрігерлердің жалақысын 30%-ке, орта медициналық персоналдың және басқа санаттағы жұмыскерлердің жалақысын 20%-ке арттырып жатыр. Шамамен 2 мыңнан астам кәсіпорын 1 млн астам жұмысшылардың жалақысын 10%-тен 50%-ке дейін өсірген. Айта кету керек «Amanat» партиясы фракциясының айтулы жиыны БАҚ өкілдерінің қатысуынсыз өтті. Толығырақ тілші тарақатады.

Баршаға мәлім, ертең ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халқына кезекті Жолдауын жасайды деп күтілуде. Парламент палаталарының бірлескен отырысында біраз жаңалық болатын сияқты. Күзді саяси науқанмен бастамақпыз. Ал Үкімет басшысы аманаттық депутаттардың алдында Тоқаевтың бұған дейінгі Жолдауындағы тапсырмаларды қалай орындап жатқанын баяндады. Айта кету керек, алғаш рет фракция отырысында Президенттің жолдаулары мен сайлауалды бағдарламаларының орындалуы жөнінде Премьер-Министрдің ақпараты тыңдалды. Премьер-Министр сөзін биылғы инфляцияға болжамнан бастады. Смайыловтың айтуынша, пандемия мен күрделі геосаяси жағдайларға қарамастан, қабылданған шаралардың арқасында ел экономикасы сенімді өсім көрсетуде. Ағымдағы жылғы 7 айдың қорытындысы бойынша Жалпы ішкі өнім өсімі - 4,8%. Биыл экономиканың өсімі 5% деңгейінде болады деп күтілуде. Ағымдағы жылы жалпы ішкі өнім жан басына шаққанда 13,3 мың долларға дейін өсті. Сыртқы сауда айналымы биыл 140 млрд долларға дейін ұлғаяды. Қазір еліміздің халықаралық резервтері 95 млрд долларды құрайды. Ал инфляция біртіндеп төмендеуде. Жыл соңына дейін иНфляция деңгейі 2 есеге төмендейді деген сенімде Үкімет басшысы. Бір жаңалық- шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий тағы бір жылға созылып отыр.

Жекешелендірудің де шаруасын тындырып жатырмыз деді премьер-министр. 2019 жылдан бері мемлекеттік қатысуы бар 1 мыңға жуық ұйым жекешелендірілген.
уыл шаруашылық саласында ісін өрбітіп отырғандарды қолдау жалғаса бермек. Смайыловтың мәліметінше, аграрияда жүрген кәсіпкерлерге берілетін субсидия көлемі 430 миллиард теңгеге өсті. Айтпақшы пайдаланусыз жатқан жерлерді қайтарып алу жалғасуда. 8 миллион гектар жер мемлекеттің меншігіне өткен.

Халықты жұмыспен қамтуда 600 мыңнан астам адам жұмысқа тұрды, бастауыш сынып оқушылары толық тегін ыстық тамақпен қамтылды. Үкімет 1,2 млн азаматтық қызметкердің жалақысын 2 есеге арттыру міндетін орындап жатры дейді премьер. Смайылов әкімдер сайлауы, жаңа облыстардың құрылуына қатысты айтты. Үкімет басын тыңдап отырсаңыз барлық шаруаны тындырыпты. Бірақ қоғамның бүгінгі үкіметтің жұмысына көңілі толмайды. Соңғы күндері ертеңгі жолдаудан соң Смайылов үкіметі отставкаға кетеді деген болжамдар айтылуда. Тіпті премьерлікке ұсынылатын кандидаттардың да аты-жөні жарияланып жатыр. Бірақ мұның бәрі ресми ақпарат емес. Үкіметтің тағдыры қалай шешілетінін 1 қыркүйектегі айтулы жиыннан соң ғана біле аламыз.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.