Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚ ТЫЙЫЛАР ЕМЕС

c 13:25, 29/08/2023 c 105

0:00 / 0:00

Ел аумағында өткен аптада 2846 астам қылмыс жасалды. Ішкі істер министрлігінің апталық брифингіндегі мәліметтер көңіл қоншытпайды. Бір апта ішінде 2846 қылмыс жасалса, оның 1799-ы тәулік ішінде ашылды. Полиция «ізін суытпай» 7 кісі өлтіруді, 4 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, қарақшылық, тонау және бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты деп хабарлайды құзырлы орган. Қылмыстардың ішінде интернет-алаяқтық тыйылмай тұр. Қарағандыда ірі ұйымның банк шотынан 60 млн теңге ұрлауға қатысы бар облыстың 20 жастағы тұрғыны ұсталды. Үш күнде интертнет-алаяқтық бойныша 200 қылмыс тіркеліп отыр.

Бүгінде адамзат интернетке тәуелді. Жұмыс да, тамақ да, киім-кешек де не керек өмір сүруге қажеттің бәрін интернет арқылы жүзеге асырамыз. Алайда, сол мүмкіндікті қылмыс жолында қолданып жатқандардан зардап шегіп те жатырмыз. Интернеттің мүмкіндігін қылмыстық іс-әрекеттерін жүзеге асыру үшін оңтайлы пайдаланып жүрген алаяқтардың қитұрқы әрекеті жаңарып жатыр. Полицияның хабаралуынша, алаяқтар әлеуметтік желілерге жалған интернет хабарландырулар орналастырып, аккаунт пен арнайы бет ашып, сайт жасап алады. Интернет алаяқтыққа интернет арқылы сауда жасайтындар тап болып жатыр. Өздерін банк қызметкерімін деп таныстырып, жеке деректерді иемдену және бөтен біреудің атынан онлайн-несие рәсімдеу арқылы жасалатын қылмыстар көп орын алуда. Ағымдағы жылдың басынан бері елде 12 мыңнан астам интернет-алаяқтық қылмысы тіркелді. Өкінішке орай бұл қылмыс түрі трансшекаралық сипатқа айналып барады дейді полицейлер.

РҮСТЕМ ДҮЙСЕТАЕВ – ҚР ІІМ КИБЕРҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ОРТАЛЫҒЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРСЫ «Халықты алдап, ақшасын қағып алып жүрген алаяқтар көбіне елдің басқа аймағында немесе шетелде болады. Осыған байланысты, аталған қылмыс түрлерінің алдын алу және ашу үшін биыл 16-18 тамыз аралығында республика аумағында «Hi-tech» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді. Оның үшінші күнінде 200 қылмыс тіркелді. Сондай-ақ бұрын жасалған 339 алаяқтық анықталды»

Дүйсетаевтың айтуынша, интернет–алаяқтар ірі компаниялардың есеп-шотына ауыз сала бастаған. Мысалы, Қарағандыда ірі ұйымның банк шотынан 60 млн теңгені қолды қылған.

РҮСТЕМ ДҮЙСЕТАЕВ – ҚР ІІМ КИБЕРҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ОРТАЛЫҒЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРСЫ «Көп жағдайда алаяқтар хакерлік бағдарламаны ірі компаниялардың есеп-шотына түсу үшін қооданады. Компания бухгалтерінің жеке компьютеріне шығып қомақты қаржыны қолды қылады. Мысалы, Қарағандыда 20 жастағы алаяқ ірі компанияның есеп-шотынан 60 миллион теңгені шешіп алған. Ол ұсталды. Қазір оның жақтастары іздестірілуде»

Айта кету, керек интернет-алаяқтардың көбісі бұл қылмысты өзге елде отырып жасайды. Полиция Ресей азаматын ұстады. Ол банк қызметкерлерінің атынан алаяқтық жасаған кезде азаматтардан ұрланған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға көмектескен. Аталған күдіктінің 25 қылмыс жасағаны мәлім болды. Жалпы шығын 100 миллион теңгеден асады. Тізе берсек интернеттің мүмкіндігін пайдаланып, аңқау халықты алдап-арбап ақша тауып жатқан қылмыскерлердің әрекеті әрқилы.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.