Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ИМПОРТҚА ШЕКТЕУ ҚОЯ АЛАМЫЗ БА?

c 13:52, 29/08/2023 c 104

0:00 / 0:00

Бүгінде қазақстандық нарықта импортпен келетін тауар түрлері, азық-түлік қаптап тұр. Себебі , отандық өнім шығару жолға қойылмаған. Соңғы кездері дүкен сөрелерінде көрші елдерден келген импорттық азық-түлік самсап тұрғанын көреміз. Бұл орайда, бағасы арзан болғандықтан тұтынушы импортты алады. Ал отандық өнім өтпей тұрады. Құзырлы органдар импортпен келетін азық-түлікке шектеу қоя ала ма? Отандық өндірушілерді қолдау үшін қандай шаралар қабылданып жатыр? Бұл мәселе азық-түлік қауіпсіздігіне арналған дөңгелек үстел барасында сөз болды.

Азық-түлік қауіпсіздігіне жауап беретін құзырлы органдардың өкілдері бас қосқан жиында биыл құрғақшылықтан зардап шеккен шаруалардың мәселесі талқыланды. Астық жинау көлемі аз болса, нан қымбаттай ма? Құрғақшылықтан қант тапшылығы болуы мүмкін бе? Күріш алқабы зардап шекті ме? Қанша астықты экспорттап жатырмыз? Құзырлы органдар импортпен келетін азық-түлікке шектеу қоя ала ма? Отандық өндірушілерді қолдау үшін қандай шаралар қабылданып жатыр? Бұл сұрақтардың барлығы азық-түлік қауіпсіздігі мәселесіне арналған жиында тақыланды. Мамандардың айтуынша, Қазақстан Орталық Азия елдеріне жылына 5 млн тоннаға дейін астық экспорттап келеді. Тек көрші Қытай Қазақстаннан 3,5 млн тоннаға дейін астық сатып ала алады. Қытай нарығын ашу бағытындағы жұмыс қарқынды жүргізіліп жатыр. Тек инфрақұрылым мен өткізу мүмкіндігі тежеп отыр. Жарты жылда шамамен 500 мың тонна астық жөнелтілген. Жақында 1 млн тоннаға дейін астық жіберу көзделіп отыр. Дегенмен, биылғы құрғақшылықта диқандар жылдағдай жоғары көрсеткіште астық жинай алмайтын сияқты. Бұған дейін ауыл шаруашылық министрі Ербол Қарашөкеев құрғақшылыққа қарамастан нан қымбаттаймайды, тапшылық болмайды дегенді. Ал ел нарығын импортпен келген азық-түлік түрлері басып кеткенін көріп отырмыз. Басқа тауар түрлерін айтпағанда. Ірі супермаркеттерден шағын дүкендерге дейін Еуразиялық одақ аясында келетін арзан азық-түлік қаптап кетті. Белоруссия мен Ресейдің сүт өнімдері дүкен сөрелерінде самсап тұр. Бағасы отандық өнімдерден әлдеқайда арзан. Бұл орайда отандық өндірушілеріміз бәсекеге түсе алмай, жабылып қалмасына кім кепіл?

Шенеуніктер бұл орайда импортты шектеу тетіктерін қолданамыз деп отыр. Ал отандық өндірушлерді қолдау үшін жылда 450 миллиард теңге бөлінетінін айтады.

Айта кету керек, үкімет әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түлік түрінің бағасын бақылау үшін ғана жауап береді. Ол тізімге ұн, нан, қарақұмық, күріш, көкөністерден - сәбіз, пияз,картоп, қырықабат кірсе, күнбағыс майы мен сиыр еті, сүт өнімдері, жұмыртқа бар. Ал қалғанының бағасы нарыққа бағынады. Алайда, әлеуметтік маңызы бар тамақ түрлерінің де бағасы шарықтап тұр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.