Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

МЕКТЕП ДАУЫ

c 01:27, 26/08/2023 c 84

0:00 / 0:00

Сонымен алдағы жаңа 2023-2024 оқу жылы 25 мамырда аяқталатын болды. Яғни 34 аптаға қайта қысқарды. Бұл жайында Премьер-Министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова тамыз конференциясы барысында айтты. Дүйсенованың пікірінше оқу-ағарту министрлігі оқу жылын 36 аптаға ұзартуда асығыс шешім қабылдады. Дегенмен, бұл сұраққа 20225 жылдан кейін оралуымыз мүмкін. Ал жаңа оқу жылына санаулы күн қалғанда елордадағы жекеменшік мектепте дау шықты. Ата-аналардың айтуынша, «Алпамыс» жекеменшік мектебі бір апта қалғанда бастауыш қазақ сыныптарын қосып, ұстаздарын қызметінен кетіріп жатыр. Бұл даудан Астана білім басқармасының басшысы Серғазы Қасымханның хабары жоқ болып шықты.

Жаңа оқу жылы жақындаған сайын, білім саласына қатысты проблемалар қоғамда жиі көтеріліп жатыр. Өздеріңізге мәлім, биыл меткеп оқушылары 1 маусымға дейні оқып, оқу жылының соңығ екі аптасын сергелдеңде өткізген еді. Тіпті 36 аптаға созылған оқу аптасына үйренбеген кейбір мектеп әкімішліктері кітапты ерте жинап алғаны үшін ескерту алып та үлгерген болатын. Оқу-ағарту министрлігінің оқу жылын 36 аптаға созу туралы шешімі асығыстық болды деп бағалады вице-премьер, еңбек министрі Тамара Дүйсенова. Ол бұл пікірін еліміздің ұстаздар қауымы бас қосқан тамыз конференциясы барысында айтты. Сонымен алдағы оқу жылы 34 аптаға қысқартылатын болды.

ТАМАРА ДҮЙСЕНОВА – ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ, ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ «Сөз соңында оқу жылының 36 аптаға дейін ұзартылуына қатысты өз пікірімді білдірсем деймін. Бұл мәселеге қатысты қоғамда сын көп болып, педагогтар қауымдастығы тарапынан ұсыныстар болды. Бұл әлемдік тәжірибе екендігін мойындауымыз қажет. Дегенмен, мұндай жаңашылдықты енгізген кезде барынша тыңғылықты дайындық қажет. Бұл орайда министрлік асығыстық шешім қабылдады. Осыған орай осы оқу жылында 34 апталық оқу ұзақтығына оралып, сабақты 25 мамырда аяқтау дұрыс деп есептеймін».

Алайда, мәселені әбден пысықтап 2025 жылы бұл сұраққа қайта оралуымыз мүмкін.
Жоғарғы жақ оқу аптасымен бас қатырып жатқанда, елордадағы жекеменшік «Алпамыс» мектебінің ата-аналары қазақша сыныптар қысқартылып, тәжірибелі ұстазым қызметінен кетіп жатыр деп дау шығарды. Біздің арнаға осындай шағыммен жүгінген ата-аналардың айтуынша, аты қазақша, заты орысша «Алпамыс» жекеменшік мектебінде мемлекеттік тілде сабақ беретін сыныптар жабылып жатыр. Ата-аналар бұл мектепке балаларын таңертең әкеліп, кешке бірақ алып кетеді. Осы жерде тамақтанып, түрлі үйірмелерге қатысады. Ай сайынғы оқу ақысы да аз емес. Алайда, жаңа оқу жылына санаулы күндер қалғанда мектеп әкімшілігі бір қазақ сыныбында 9 бала, екіншісінде 10 бала болғандықтан екі сыныпты біріктіреміз деп хабарлаған. Нәтижесінде сынып жетекшісі де ауысып отыр. Бастауыш сынып оқушылары үшін бұл соққы дейді ата-аналар. Олар мектеп басшылығынан 30 жылдық тәжірибесі бар ұстаздарын қалдырып, сыныпты қоспауды талап еткен. Бірақ ата-ананың талабы аяқсыз қалуда.

Ай сайын қыруар қаржы төлеп, баласы сапалы білім алсын деген білім ордасында мемлекеттік тілге деген құрмет жоқ дейді ата-аналар.

Біз мектеп дауына қатысты елорданың басқарма басшысына сұрағанымызда. Сенғазыев мырза, мұндай мәселені қоғамсыз шеше алмайтынын айтты.

Одан әрі мектеп әкімшілігінен мәселенің мән-жайын сұрамақ болып едік. Олар камераға жазуға келіспеді. Қазақ сыныбын жауып жатқан жоқпыз, тек екі сыныпты біріктіріп жатырмыз деді. Себебі, жекеменшік мектеп үшін сыныпта бала саны аз бола тұрып, бірнеше сынып ұстау тиімсіз екенін жеткізді. Осылайша 19 бала бір сыныпта оқитын болады. Енді бұл дауға ата-ана шағымы бойынша құзырлы органдар ғана нүкте қоя алады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.