0:00 / 0:00
Отандық бизнеске әлі де мемлекеттік қолдау қажет. Орта және шағын бизнес жалпы ішкі өнімнің 35 пайызын ғана құрап отыр. Экономиканың дамытушы секторына толық айналған жоқ. Премьер-Министрі Әлихан Смайылов республиканың орта бизнес өкілдерімен кездесу өткізу өткізді. Бұл жолы Алматы, Түркістан, Жамбыл және Жетісу облыстары кәсіпкерлерінің өзекті мәселелері талқыланды. Смайылов Үкімет жұмысы дамыған кәсіпкерлікке негізделген әртараптандырылған экономика құруға бағытталғанын атап өтті. Оның ішінде орта бизнес негізгі локомотивтердің бірі болмақ –деді.
Қазақстанда бизнестің дамуына кедергі көп. Салық көлемі жоғары, әкімшілік кедергілер, монополия, қымбат несие. Бұл орта және шағын бизенстің ісін өрбітуге кдеергі келтіріп отырған басты факторлер. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі атйқандай. Қазақстан байлығының жартысы 162 адамның ғана қолында. Яғни ірі бизнесте ескі Қазақстанды билеген Нұрсұлтан Назарбаевтың жақтастары отыр. Жер асты мен жер үсті байлығы осылардың қолында. Ірі бизнесті басып алған. Баршамызға белгілі жәйт шағын және орта бизнестің даму жолында тек қана қаржылық, экономикалық проблемалармен қатар, қоғамдық, психологиялық тұрпаттағы мәселелер бар. Үкімет басшысы кәсіпкерлермен кездесуінде бизнеске бағытталған әртараптандырылған экономиканы құрамыз деп отыр.
Шағын және орта бизнес секторы үшін салық жеңілдігі керек. Салық салу жүйесін реформалауды бизнес қауымдастығы асыға күтуде. Сондай-ақ, құқықтық базаны жетілдіру өндіріс жағдайын жақсарту, және де шағын және орта бизнес субъектілерін әр түрлі қылмыскер, коррупционерлер пиғылдарынан қорғау проблемалары тағы бар. Әлі күнге дейін экономиканың маңызды секторына айнала алмай отырған шағын және орта бизнестің дамуына қолайлы жағдай туғызу үшін мына мәселелерді шешу қажет.
Елде шағын және орта бизнесті қолдау әділетті жүргізілсе, шағын кәсіппен айналысам деуші субъектілер саны бүгінгіден де көп болар еді. Мемлекет басшысы бұған дейін бизнесмендермен кездесуінде «бізге жаңа салық саясаты қажет. Ол астыртын қитұрқы әрекеттерге жол бермейтін, бизнеске де, Үкіметке де ашық, түсінікті саясат болуы керек, – дегенді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша республикада шағын және орта бизнес нысандарының саны 27%-ға, ал осы салада жұмыспен қамтылғандар саны 18%-ға өсіп, 4,1 млн адамға жеткен. Еліміздің жалпы ішкі өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 36,5%-ға дейін өсті. Ал дамыған елдерде орта және шағын бизнес жалпы ішкі өнімнің 65-70 пайызын құрайды.