0:00 / 0:00
Антикор білім саласындағы былықтардың бетін ашты. Енді мемлекеттік аудиторлар жемқорлыққа жол беріп жатыр. Білім саласындағы бюджет қаражатын жымқыру фактілерін жасыру үшін аудиторлар пара алған. Сыбайлас жемқорлыққа қарыс іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, жемқорлық фактілері Жетісу, Алматы және Түркістан облыстарында анықтады. Мемлекеттік аудиторлар аталған өңірлерде мектептердегі аудиторлық тексеріс жүргізіп, оған оң қорытынды беруі үшін пара алған.Антикор білім саласындағы былықтардың бетін ашты. Енді мемлекеттік аудиторлар жемқорлыққа жол беріп жатыр. Білім саласындағы бюджет қаражатын жымқыру фактілерін жасыру үшін аудиторлар пара алған. Сыбайлас жемқорлыққа қарыс іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, жемқорлық фактілері Жетісу, Алматы және Түркістан облыстарында анықтады. Мемлекеттік аудиторлар аталған өңірлерде мектептердегі аудиторлық тексеріс жүргізіп, оған оң қорытынды беруі үшін пара алған.
Өркениетті елдің дамуына сыбайлас жемқорлық тұсау болады. Қазақстанда да қоғамдық дертке айналған сыбайлас жемқорлықпен күрестен толық нәтиже шықпай отыр. «Жемқорлыққа жол жоқ» деп қанша ұрандатқанымызбен оның түп-тамырына балта шабу қиынға соғуда. Жемқорлық дерті қазына қаржысының дұрыс игерлуін, қолды боламуны тексеретін мемлекеттік аудиторларға да жұққан. Білім саласындағы бюджет қаражатын жымқыру фактілерін жасыру үшін аудиторлар пара алған. Сыбайлас жемқорлыққа қарыс іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, сыбайлас жемқорлық фактілері Жетісу, Алматы және Түркістан облыстарында анықталып отыр. Мемлекеттік аудиторлар аталған өңірлерде мектептерде аудиторлық тексеріс жүргізіп, оған оң қорытынды беруі үшін пара алған.
Әл осындай парақорлық фактісі Алматы облысында да анықталды дейді антикор өкілі. Онда облыстық тексеру комиссиясы бөлімінің басшысы Қарасай ауданы білім бөлімінің бухгалтерінен аудиторлық тексерістің оң нәтижесі үшін 1 млн теңге пара алған. Жемқорлық дерегі бойынша тергеу ісі басталып та кетті. Сондай-ақ Түркістан облысында білім ордасын тексеру барысында парақорлыққа жол берген факті анықталды.
Антикордың ресми өкілінің айтуныша, Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді. Яғни сотқа дейінгі тергеу ісі жүріп жатыр. Бұл қылмыстар мемлекеттік аудиторлардың жасырушылығымен жасалғаны қылмыстық істердің материалдарымен расталған.