0:00 / 0:00
Экологтар қатты қалдықтарды қайта өңдеуге субсидия сұрап отыр. Сарапшылар бұл қаражатты «Жасыл Даму» кәсіпорны беруі керек деп есептейді. Бұл ұсыныс «Жасыл энергетика» тақырынбағы форумда айтылды
Елімізде тұрмыстық қалдықтардың көлемі 100 миллион тоннаны құрайды. Оған қоса жыл сайын 5 миллион тонна қоқыс жиналады. Қоқысқа белшеден батып отырсақ та, қоқысты қайта өңдеуші зауыттарды шикізат жетіспей жатыр. Себебі, елде қоқыс жинау мәдениеті қалыптаспаған. Экологтардың айтуынша, қоқысты сұрыптап тасату жәшіктері қойылса да, қазақстандықтар ережені сақтамайды. Пластика мен қағазды бөлек жәшіктерге салуға ерінеді. Осылайша, қоқыс сұрыпталмай, қайта өңдеуге жарамай жатады. Сондай-ақ, қоқысты сұрыптап тастайтын жекелеген қоқыс жәшіктері еліміздегі қалалардың бәрінде бірдей қойылмағанын айта кеткен де жөн болар.
2019 жылдан бері қоқысты утилизациялау талабы күшейтіліп, қоқыс тастайтын арнай ыорындарға пластик пен шыныны апаруға тиып салынған. Ал қоқысты сұрыптау міндетін тұтыншулыраға емес, компанияларға артып қойған. Тіпті қоқыс сұрыпталмаған жағдайда компанияларға ғана емес, тұтыншуларға да айыппұл салу ұсынылғанды. Өкінішке орай бұл бастама қолдау таппады. Яғни қоғам қоқыс тастау мәдениетін меңгеруге асығар емес. Қауымдастық өкілдері қатты қалдықтарды қайта өңдеуге субсидия сұрап отыр. Сарапшылар бұл қаражатты «Жасыл Даму» кәсіпорны беруі керек деп есептейді.
Экологтардың мәліметіне сүйенсек, еліміздің полигондарында 500 мың тонна пластик қалдығы жатыр. Ал пластик жүз жыл бойы шірімей жата береді. Өндірістен бастап кәдеге жаратылғанға дейін қоршаған ортаға елеулі зиян келтіреді. Пластикалық өнімдерді өндіретін зауыттар жылына атмосфераға 400 миллион тоннаға дейін көмірқышқыл газын шығарады. Бүгінде жануарлардың шамамен 800-дей түріне пластикалық заттарды жеп қойып, уланып өлу қаупі төніп тұр. Ал пластик қалталар қаланың кәріз жүйесін толтырып тастайды. Бұл су басу қаупін тудырады. Өкінішке орай демалыс орындарына, жағалау аймақтарына келушілерден қалған қоқыстың басым бөлігін осы пластик қалдықтары құрайды.