Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

НАЗАРБАЕВ ӘУЛЕТІНІҢ ЗАҢСЫЗ АКТИВТЕРІ ҚАЙТАРЫЛА МА?

c 10:22, 30/06/2023 c 119

0:00 / 0:00

Парламент Сенат "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" заң жобасын мақұлдап, президенттің қол қоюына жолданды. Бұл құжатқа сәйкес, заңсыз байыған жеке және заңды тұлғалардың реестрі жасалады. Тізім жабық болады. Бұрынғы шенеуніктер мен мемлекеттік ұйымдардың экс-басшылары да, олармен байланыста болған барлық адам күдіктілер қатарына кіруі мүмкін. Мысалы, жақын туыстары, таныстары, көлік жүргізушісі, тіпті үй қызметшісі де күдікке ілінуі ықтимал.Бас прокуратура жанынан арнайы комиссия құрылады. Оның құрамына құқық қорғау және мемлекеттік органдардың бірінші басшылары ғана емес, қоғам белсенділері мен депутаттар да кіреді. Жалпы комиссия құрамына 100 аса адам алынуы мүмкін. Олар шетел асқан капиталды қайтару жұмыстарымен айналысады. Сырттан келген ақша арнайы құрылған қорға жиналады.

Заңсыз иемденілген активтерді қайтару бойынша арнайы мемлекеттік қор және басқарушы компания да құрылады. Елге қайтарылған қаражат қордың шотына түседі. Ал басқарушы компания заңсыз алынған мүлікті сатып, ақшасын арнайы қорға аудара. Басқарушы компанияның жалғыз құрылтайшысы үкімет болады. Бұл қаражат Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік және экономикалық жобаларды қаржыландыруға жұмсалмақ. Парламент қабылдаған бұл құжаттың 30 жыл қазына қаржысынан ұрланған қыруар қаражатты қайтаруға шамасы жете ме? Депутаттар бұл заң жобасы Назарбаев әулетінің заңсыз актвитерін қайтаруға мүмкіндік береді деп сендіреді. Сондай-ақ, халықаралық журналистердің зерттеуімен жария болған «Панама тізімі» де назарға алынбақ.

Алпауыттардың ішіп-жеп, шетел асырған заңсыз капиталының көлеміне қатысты мәлімет те нақты емес. Әділет министрлігі мен депутаттардың келтірген деректері екі түрлі.

Тағы бір мәселе, заң жобасында активтерді қайтарудың ерікті немесе мәжбүрлі тәртібі қарастырылған.Яғни заңсыз байыған олигарх кем деген 100 миллион долларды өз еркімен қайтарса қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.

Ал өз еркімен қайтармағандар сот алдына келеді. Активтерді негізсіз байлық ретінде танып, мүліктің қылмыстық жолмен алынғаны дәлелденсе, заңсыз алынған активтерді мәжбүрлеп қайтару жолы да қарастырылған. Бір қызығы мемлекеттен ұрлағанын мойындап, өз еркімен ерікті түрде қайтарып жатқан адамның жауапкершіліктен оңай құтылатыны сұрақ тудырады.

Не керек, сенаторлар заңды бірден екі оқылымда мақұлдады. Енді, оған президент қол қоюы тиіс. Осыдан кейін заң күшіне енеді. Жаңа заң күшіне енген соң Назарбаев әулетінің шетелге заңсыз шығарылған активтерінің «тағдыры» шешілуі мүмкін.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.