Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АҚЖОЛДЫҚТАР 4 % АВТОНЕСИЕНІ ЖАЛҒАСТЫРУДЫ ТАЛАП ЕТТІ

c 09:12, 26/06/2023 c 128

0:00 / 0:00

«Ақ жол» партиясының фракция депутаттары Үкіметтен жеңілдетілген 4 пайызбен автонесие беруді жалғастыруды талап етті. Ақжолдықтар премьер-министрдің орынбасары Роман Склярға жолдаған сауалда қазір «Жасыл Даму» азаматтар мен бизнестен утильалым алуды жалғастырып жатқанын айтты. Сондай-ақ кәсіпкерлердің мәліметінше, қазіргі оператор кәсіпорын жұмысының тоқтауы мен тергеудің жүріп жатқанын сылтау етіп, 4 ай бойы өндірушілерге түскен қаржыны үлестірмеген, алайда, бұл оның өзіне жоқ утильалымды жинауына еш кедергі келтірмей отыр. Сондықтан атышулы утильалымнан түсіп жатқан миллиардтаған қаржы тағы қайда кетіп жатыр деген мәселені алға тартты.

Аты шулы жеңілдетілген автонесие тоқтылады деген хабар қазақстандықтарды алаңдатып қойды. Себебі, 4 пайызбен көлік алуға ниеттеніп отырғандар қаншама. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бұл шешімін «Ақжол» партиясы қолдамайды. Партия фракциясының мәжілістегі депутаттары үкіметке сауал жолдап, бұрынғы «Оператор РОП» қазіргі «Жасыл даму» компаниясының әрекетіне қатысты мәселе көтерді. Мәжілісмен Ержан Бейсенбеавтың айтуныша, «Оператор РОП» ЖШС түріндегі олигополия қатысушыларына қатысты резонансты сот процесі жүріп жатса да,кәсіпкерлерге Экология департаменттері 2019-2021 жылдарға арналған утилизация төлемдерін төлемегені үшін әкімшілік айыппұл салып жатыр. Депутат мұндай өндіріп алу заңсыз дейді. Себебі, «Жасыл Даму» АҚ-ның реквизиттері оларға тек 2023 жылы ғана берілген, ал утилизация төлемдері талап арыздар қойылғанға дейін төленіп қойған. Оған қоса, олар Президенттің тексерулер жүргізуге мораторий енгізу туралы Жарлығын бұзып отыр. Бүгінгі күні осы негіз бойынша 690-нан астам кәсіпкерлік субъектісі жауапкершілікке тартылған деген ақпарат бар.

ЕРЖАН БЕЙСЕНБАЕВ – ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ « Алайда утилизация жүргізіліп жатпағанымен «Жасыл Даму» азаматтар мен бизнестен утильалым алуды жалғастырып келеді. Сондай-ақ кәсіпкерлердің мәліметінше, қазіргі оператор кәсіпорын жұмысының тоқтауы мен тергеудің жүріп жатқанын сылтау етіп, 4 ай бойы өндірушілерге түскен қаржыны үлестірмеген, алайда, бұл оның өзіне жоқ утильалымды жинауына еш кедергі келтірмей отыр. Сондықтан атышулы утильалымнан түсіп жатқан миллиардтаған қаржы тағы қайда кетіп жатыр деген сауал туындайды?»

Ал индустрия министрлігінің жеңілдетілген 4 пайзыдық автонесиені тоқтату туралы шешімі негізсіз деп есептейді ақжолдықтар.

ЕРЖАН БЕЙСЕНБАЕВ – ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ «Сөйте тұра Индустрия министрлігі жеңілдетілген автонесиелерді 4 пайызбен қаржыландыруды тоқтату туралы шешім қабылдады. Утильалым жүйесі қазақстандық көліктердің өндірісі мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында енгізілгені белгілі. Бірақ шенеуніктер мұны ұмытып кеткен сияқты».

«Ақ жол» депутаттық фракциясы Үкіметтен халыққа 4 пайыздық жеңілдетілген автонесие беруді жалғастыруды талап етті.

ЕРЖАН БЕЙСЕНБАЕВ – ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық фактiсi анықталғанға дейiн утильалым төлемiн төлеген кәсiпкерлердi әкiмшiлiк қудалауды тоқтату, оларға қолданылған санкцияларды, оның iшiнде ескертулердi жоюды, 4% мөлшерлемесімен автонесие беруді жалғастырып, осы мақсаттарға утильалымның пайдаланылмаған қаражаттарын қосымша бөлуді сұраймыз».

Еске сала кетейік, индустрия министрлігі жеңілдетліген автонесиеден жиналған қаражатты қоғамдық көліктерді сатып алуға бағыттамақшы. Ал аталмыш автонесие енгізілгелі 13 мың қазақстандық көлік алды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.