0:00 / 0:00
Украинада Қазақстаннан 18 миллиард теңге ақша шығарған ұйымдасқан топ ұсталды. Ал ел ішінде синтетикалық есірткі қолданушылар қатары 5 есеге артты. Қоғамдық қауіпсіздік мәселесіне арналған халықаралық форумда балалар мен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық, есірткі сату, өлім-жітім, интернет-алаяқтық, мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлық мәселері талқыға салынды.
Өздеріңізге мәлім, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел полциясының жұмысын реформалауды тапсырған болатын. Қоғам мен прокуратура Қазақстанда азаптау болмауы керек дегенталап қойып отыр. Қандайда бір қылмысты ашу үшін тергеу жүргізу керек. Алайда, бұл көп уақытты алады. Сол себепті кейбір тергеушілер күдіктіні азаптау әдістемесін қолданатыны да бар. Азаптауда –ұрып-соғумен қатар, психологиялық қысым жасау да қолдалынады. Енді полиция қылмысты ашудың басқа жолдарын енгіземіз деп отыр. Ішкі істер министрі бүгінде ведомствоаралық өзара іс-қимыл тиімсіз. Мемлекеттік органдар өздерінің функционалдық шеңберінен шықпай отырғандықтан айналадағы ауқымды көріністерді көрмейді дейді.
Елдегі қоғамдық қауіпсіздік мәселесіне келсек, қалаларында бейнекамералар орнатылған. Полиция қандай да бір қылмыстың бетін ашуда осы камералардың қызметіне жүгінеді. Ол терегу жұмысын тездетеді. Тұрғын кешендері де камерамен қамтылған. Алайда, Астананың өзінде бейнекамера орнатылмаған аулалар баршылық. Цифрландырудың арқасында бүкіл қалаға бейнекамера орнатып, полиция шаһарды алақанында ұстап отырса да балаңызды көшеге жіберіп қойып, алаңсыз жүре алмайсың. Қауіп бәрібір бар.
Қоғамда ішкі істер министрлігінің жұмысына көңілі толмайтындар баршылық. Қылмыс саны азаяр емес. Синтетикалық есірткі сатушылардың жұмысына да тиым сала алмай отыр. Ал елімізде 100 мың адамға 344 полицейден келеді. Әлем елдерімен салыстырсақ, полицейлердің саны жағынан Ресейден кейін тұрмыз. ІІМ 165 мың полиция қызметкері бар. Саны көп полцияның жұмысында сапа жоқ. Басына іс түскен жағдайда азаматтар 102 қызметіне хабарласып, көмек ала алмай жатамыз деген шағымдар да баршылық. 2023 жылы қылмыс саны бойынша Қазақстан әлемнің 142 елінің ішінде 42 орынды иеленді.