0:00 / 0:00
Сенаторлар да Үкіметтің және Жоғары аудиторлық палатаның 2022 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін тыңдады. Бас аудитор Наталья Годунованың мәлімдеуінше, бюджеттің атқарылуы саласында жүйелі проблемалар бар. Алдағы уақытта сол кемшіліктерге жол бермеу керек. Республикалық бюджетттен бөлінген қыруар қаржыны тиімді пайдаланбау, мүлдем игермеу немесе тиімсіз жұмсау деректері өткен жылдың да бюджетінде орын алған.Сенаторлар болса, әлеуметтік сала министрліктері 24,5 миллиард теңгені игермеген деп даурықты.
2022 жылы игерілмеген қаражат көлемі 325 млрд теңгені құрады. Сенаторлардың айтуынша, әлеуметтік салаға бөлінген шығыс көзі өткен жылы 8,5 трлн. Теңгені болды. Бұл дегеніміз жалпы бюджет шығысының 48 пайызы. Сөйте тұра, әлеуметтік саладағы министрліктер қыруар қаржыны дұрыс игермей жатыр дейді. 24,5 миллиард теңге игерусіз қалған.
Бұл иегрусіз қалған қаржыға қатысты бір ғана мысалы. Мұндай кемшіліктер өзге де салаларда жетіп жығылады. Ал қазына қаржысын дұрыс игермегендерді жауапқа тарту жұмысы қалай жүріп жатыр. неге біз бірінші басшылардың жауапкершілігін күшейтпейміз деген сауал туады. Бас қаржыгер тек жауапқа тартумен мәселе шешілмейді дейді.
Сенаттағы отырыс барысында, Жоғары аудиторлық палата басшысы Годунова ханым "Жайлы мектептер" жобасын жүзеге асыру барысындағы былықтарды атады. Оның айтуынша, өткен жылы Оқу-ағарту министрлігі құрылысқа жатпайды деген желеумен "Жайлы мектептер" жобасын жүзеге асырудан бас тартқан. Нәтижесінде жобаның операторы ретінде "АО Samruk-Kazyna Construction" компаниясы жайлы мектептер құрылысына бюджет пен ұлттық қордан бөлінген қаражатты бақылауында ұстап отыр.
НАТАЛЬЯ ГОДУНОВА – ҚР ЖОҒАРЫ ПАЛАТА ТӨРАҒАСЫ « Өткен жылы Оқу-ағарту министрлігі құрылысқа жатпайды деген желеумен "Жайлы мектептер" жобасын жүзеге асырудан бас тартты. Samruk-Kazyna Construction" АҚ бөлінген ресурстар үлкен - 2,6 триллион теңге болса да, мемлекеттік сатып алу ережелерін сақтамай, жобаны жүзеге асырып жатыр. Мұндай мысалдарды кез келген басқа министрліктен табуға болады. Жоғары аудиторлық палата бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру үшін заңнамалық деңгейде ортақ жауапкершілік енгізу қажет».
Годунованың айтуынша, оны басқаратын орталық мемлекеттік органдардың басшыларына да, сондай-ақ бюджеттік инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға заңнамалық зиян келтірген кезде бірлескен жауапкершілікті енгізу қажет.