0:00 / 0:00
Абай облысындағы орман өрті неге дер кезінде ауыздықталмаған. Бұл жайында вице-премьер Роман Скляр үкімет дәлізінде тілшілерге берген сұхбатында айтты. Өздіріңізге мәлім, Абайдағы тілсіз жау әлі тоқтамай жатыр. 5 күннен жалындап жатқан өртті сөндіру жұмыстарына өрт сөндірушілермен бірге, әскерилер, орман шаруашылықтарының күштері тартылды. Жалпы 1900 адам, 350-ден астам техникалық бірлік өртпен күресіп жатыр. 14 тікұшақ өртті сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Абайдағы алапат өрт әлі тоқтамай жатыр. Өрт сөндірушілер 5 күннен бері сол өңірде. 14 адамның өмірін жалмаған тілсіз жау елді есеңгіретті. Марқұмдардың бәрі "Семей орманы" резерватының қызметкерлері. Тағы бір адам іздеуде. Қылмыстық іс қозғалды. Қаза болғандардың өліміне кім кінәлі деген сұрақ көпті алаңдатып отыр. Ал әзірге үкіметтегілер орман өрті дер кезінде ауыздықталмаған дейді.
РОМАН СКЛЯР – ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ "Өте қиын жағдай. Жергілікті жерде жағдайды жете бағаламағаны көрініп тұр. Өрт жылдам жайылып, салдарынан осындай жағдай болды. Адамдардың қазаға ұшырауы, әрине, өте өкінішті жағдай. Қазір Бас прократура тергеу жүріп жатыр, толық жауабын береді".
Өкінішке орай Абайдағы өрт әлі тоқтамай жатыр. Қазір орман өртін сөндіруге екпінді жел кедергі келтіріп тұр дейді Скляр мырза. Шенеуніктер алдағы уақытта алапат өртке жол бермеу үшін барлық мемлекеттік органның жауапкершілігі мен міндеттерін айқындайтын нақты алгоритм дайындау қажет деп отыр. Ал бұл қайғылы жағдайға кім кінәлі? Кезінде Абай өңірі өзіне қараған Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің қызметі тексеріле ме? Вице-премьер "Семей орманы" облысқа емес, экология министрлігіне қарайды. Бұл экология министрлігінің құрылымдық бөлімшесі", - деп қысқа қайырды. Ал Төтенше жағдайлар экс-министрі Юрий Ильин жауапқа тартыла ма деген сұрақты алға тартты тілішлер.
МАРАТ АХМЕТЖАНОВ – ҚР ІІМ "Президент бас прокурорға тапсырма берді. Соған сәйкес тексеру жүргізілетін болады. Өрт фактісі – бұл төтенше жағдай, адамдар қаза тапты, сондықтан қылмыстық іс аясында тексеріс болады. Неліктен уақытылы шаралар қабылдамады? Мүмкін, немқұрайлылық танытқан болар, қызметтік міндеттерін орындамаған шығар».
Бас полицей, қасақана өрт қою, абайсыздық, найзағай түсу деген нұсқалар да қарастырлып жатыр дейді. Сараптама жүргізіледі. Тергеуге екі ай уақыт берілді. Айта кету керек, Абайдағы өртке қатысты тергеуді Бас прокутура жүргізіп жатыр. Ал Қазақстан Халқына қорынан осы өрттің құрбаны болғандардың отбасылары көмек ретінде 7 миллион теңге бөлінеді.
Жамаубаев өқаза тапқандардың отбасына баспана беріліп, несиелері кешіріледі, Сондай-ақ, өрттен зардап шеккендерге көмек қолын созғандардың қаржылай көмегі арнайы қорға құйылатын болады. Өрт әлі сөндірілмегендіктен, қаржы министрі оның алдын ала шығын туралы айтуға әлі ерте деп отыр. Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті 121,5 миллиард теңге болады, оның ішінде биылға - 52,7 миллиард теңге бөлінген. Сөйте тұра, орман шаруашылығының жағдайы мүшкіл. Ендігі Қазақстан халқы үкіметтен бөлінетін қолдауды күтпей-ақ, өз жыртығын өзі жамап, ақшалай, тамақпен және киім-кешекпен Абай өңіріне қайырымдылық көмек жіберіп жатыр