Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АУЫЛҒА АУЫЗ СУ ЖЕТПЕЙ ЖАТЫР

c 08:24, 23/05/2023 c 181

0:00 / 0:00

Ауылдарды сапалы ауыз сумен қамту мәселесі кей өңірлерді шешімін таппай жатыр. Ауылдардың тұрғындары құбырлардың жиі жарылуынан айлар бойы сусыз қалады,-деді Премьер-министр Әлихан Смайылов Үйлестіру штабының отырысы барысында. Үкіметтің баспасөз қызметінің хаабаралуынша, үкімет басшысы облыс әкімдеріне келесі жылы су беру жоспарланып отырған 115 елді мекен бойынша жобалау құжаттарын осы жылдың соңына дейін аяқтауды, 22 ауылда іздестіру-барлау, сондай-ақ 20 қаланы сумен жабдықтау және су бұрудың өндірістік процестерін автоматтандыру бойынша жобалау құжаттарын дайындау жұмыстарын аяқтауды жіті тапсырды. Биыл халықтан ресми түрде сумен қамтуға қатысты 9 мың шағым келіп түскен.

Үйлестіру штабының отырысында Индустрия министрі Марат Қарабаев 2025 жылдың соңына дейін халықты сапалы ауыз сумен 100% қамтамасыз ету жоспарланып отырғанын баяндады. Министрдің сөзіне сенсек, қазір ауыз суға қолжетімділік қалаларда – 98,4%-ды, ауылдарда – 94,5%-ды құрап отыр. Биыл сумен жабдықтау, су бұру жүйелерін салу және қайта жөндеуге қазынадан 402 жобаны іске асыруға 280 млрд теңге бөлінген. Осылайша, алдағы екі жылда 25 қала мен 1 395 ауылдың халқы таза ауыз сумен толық қамтылмақ. Алайда, премьер-министрдің мәліметінше, әкімдіктердің қазіргі қарқынымен бұл көрсеткішке қол жеткізуіміз мүмкін емес.себебі, қазірдің өзінде ауыз су жобалары бойынша "аяқталмаған құрылыстар" бар.

Смайыловқа тек биылдың өзінде сумен қамтуға байланысты 9 мың шағым келіп түскен. Үкімет басшысы бірнеше облыстағы кемшіліктерді атап өтті.

Сондай-ақ, мұндай жауапсыздық Абай, Жамбыл, Атырау, Алматы және Түркістан облыстарында да орын алған. Жобалау құжаттары әзірленбеген. Сондай-ақ 154 ауылда су тазарту модульдерін орнату қажеттілігіне қарамастан, Алматы, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Түркістан облыстарының әкімдіктері бұл жұмыстарға қажетті қаражатты толық көлемде қарастырмаған дейді премьер. Смайылов құзырлы минитсрлік пен аталған өңір әкімдеріне "сақалды құрылыстардың" барлығын тездетіп аяқтауды, келесі жылға жоспарланып отырған 115 елді мекен бойынша сумен қамту жобалау құжаттарын жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ, 22 ауылда іздестіру-барлау, 20 қаланы сумен жабдықтау және су бұрудың өндірістік процестерін автоматтандыру бойынша жобалау құжаттарын дайындау жұмыстарын тездетуді де айтты. Бүгінде өңірлерді айтпағанда, ел астанасының өзінде сумен қамту мәселесі күрделеніп кетті. Ал әкімдік елордада жаңа сорғы-сүзгі станциясы іске қосылады деп сендіріп отыр. Сарапшылардың айтуынша, жаңбырдан кейінгі саңырау құлақ құсап қаптап салынып жатқан үйлерді сумен қамтуға қолданыстағы сорғы-сүзгі станциясының қуаты жетпей жатыр. Жаңасы іске қосылғанымен мәселе толық шешілмейді. Сондықтан, бастамашыл топ қалада жаңа ғимараттарды салуға мораторий жариялауды талап еткен еді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.