Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

55 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ ИГЕРІЛМЕДІ

c 21:27, 17/05/2023 c 123

0:00 / 0:00

Ағымдағы жылдың 4 айында қазына қаржысының 55 миллиард теңгесі игерілмей қалды. Үкіметтің отырысында бас қаржыгер Ерұлан Жамаубаев бюджет қаржысын игере алмаған мемлекеттік органдар туралы айтты. Олардың қатарында Мәдениет және спорт, Ақпарат және қоғамдық даму, Экология және табиғи ресурстар, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктері бар.

Бюджетті жасақтау барысында әр мемлекеттік орган мен облыстар өзіне қажетін сұрап, миллиардтаған османы бөлгізіп алады. Қазына қаржысын игеруге келгенде ақсап жатады. Өкінішке орай, басқа да салалар осы сомадан құр қалып жатқанда, кей министрліктер мен әкімдіктер қолда бар қаржыны дұрыс жаратпайды. Бұл бюджетті қарау барысында жиі оырн алатын әдетке айналған. Енді мәне қаржы министрі Жамаубаевтың мәлімдеуінше, биыл республикалық бюджет бойынша 7 трлн теңгеге шығыс жүргізілді. Атқарылмау – 72 млрд теңге болса, 16 млрд теңгесі үнемделді. Ал игерілмеген сомасы – 55 млрд теңгені құрап отыр. Игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары Мәдениет, Ақпарат, Экология, Цифрлық даму министрліктерінде орын алған.

Ал өткен жылы қазынаның 81 млрд теңгесі игерілмеді. Бас қаржыгердің айтуынша, өнім берушілердің шарт талаптарын бұзуы, жобалау-сметалық құжаттамаға мемлекеттік сараптаманың ұзақ өтуі немесе оң қорытындысының болмауы, орындалған жұмыстар актілерінің, шот-фактуралардың уақтылы ұсынылмауынан бюджеттен бөлінген қаржы дер кезінде игерілмей жатады. Сондай-ақ, бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану дерегі де жоқ емес. 2022 жылы 421 млрд теңге тиімсіз жұмсалған. Қазына қаржысын тиімсіз жұмсаған орталық және жергілікті атқарушы органдардан 113 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде 82 адам басшылық қызметте жүргендер, - дейді Жамаубаев. Алайда, халықтың салығынан құралатын бюджет қаражатын дұрыс игермей, тиімсіз жұмсап, жауапқа тартылған бірде-бір министрді немесе әкімді көрмедік.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.