Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

САМОКАТТАН ҚАУІП БАР

c 18:31, 10/05/2023 c 116

0:00 / 0:00

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, былтыр елімізде электр самокаттың қатысумен 43 жол-көлік апаты орын алды. Бір адам қайтыс болды. Самокат жүргізушілеріне қойылатын талаптар күшейтілді. Бүгін Парламент Мәжілісі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қабылдады. Айта кетейік, бұл депутаттардың бастамасымен жүзеге асып отырған құжат. Тиісті заңнамаға сәйкес, енді жасы 18-ге толмағандар самокатты басқара алмайды.

Бұл депутаттардың ұсынысымен әзірленген заң жобасы. Үлкен қалаларда пайда болған жаңа көлік құралдарын, яғни электр самокаттарды, гироскутерлер мен мопедттерді тізгіндегендерді көп кездестіресің. Алайда, замануи көліктерден қауіп те жоқ емес. Себебі, біздің елде жаңа көлік құралдарының жүрісі реттелмеген.Электр самокаттардың жолдармен және тротуарлармен жүруі жаяу жүргіншілер мен жүргізушілерге қауіп төндіріп жатыр. Осыған қатысты шағым да көп дейді депутаттар. Өкінішке орай, самокаттардың қатысуымен жол-көлік апаты да жиілеп, адам өліміне әкеп соққан қайғылы жағдай тіркелді. Сондықтан мұндай көліктерді қолдану үшін талап күшейтілгені дұрыс деп отыр мәжілісмендер.

Жалпы заң жобасы екі жыл бұрын әзірленген. Алайда электр самокаттарға қатысты техникалық регламент тек 2022 жылдың шілдесінде қабылданды. Электр самокаттар велосипед жолдары мен жол жиектерінде шектеусіз жүре алады. Электр самокаттардың жылдамдығы сағатына 25 километрден аспауы тиіс. Тротуарларда сағатына 6 километрден аспайтын жылдамдықпен жүруге рұқсат етіледі. Бұл тәсіл көліктің жаңа түрін иеленушілер мен жаяу жүргіншілер үшін ең қолайлы шешім, - дейді депутаттар. Сондай-ақ, шектеулердің бірі- 18 жасқа толмағандар электр самокатты тізгіндей алмайды.

Тағы бір айта кететіні, электрсамокатта жүктер мен жолаушыларды тасымалдауға тыйым салынады. Электр самокат жүргізушілер жол қиылыстары мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен жаяу өтуі керек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.