Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ДЕПУТАТ ДАЙРАБАЕВҚА ҚАТЫСТЫ ТАҒЫ ДА ШУ ШЫҚТЫ

c 09:30, 04/05/2023 c 132

0:00 / 0:00

Жигули Дайрабаев Парламент Мәжілісінің депутаты болғалы басынан дау кетпей қойды. Депутат өзінің төңірегінде неліктен келеңсіздіктер көп болып кеткенін журналистерге түсіндіруге тырысты. Бұған дейін хабарланғандай, Жигули Дайрабаевтың ұлдары Тараз қаласының сотымен алаяқтық жасады және ірі мөлшерде ақша жымқырды деп айыпталып, үкім шықса, бірнеше күннен бері әлеуметтік желіде Дайрабаевтың тұрғын үй және жер мәселесі бойынша дауларға қатысы туралы ақпарат тарай бастады. Мәжілісмен жиырма жыл бұрын орын алған жағдайды біреулер әдейі қазбалап отыр дейді.Ол жайында Мәжілісте тілшілерге берген сұқбатында айтты.

Дайрабайдың дауы бітер емес. Парламентке депутат болып келгелі Жигули Дайрабаевтың басы бәлеге қалды. Еске сала кетейік, Жигули Дайрабаевтың екі ұлы -Марат Дайрабаев пен Дидар Молдахалық ауыл шаруашылығы мақсатындағы 550 млн теңге субсидияны жымқырды деп, істі болып, шартты түрде бес жылға сотталған болатын. Енді міне бірнеше күннен бері бері әлеуметтік желіде депутат Дайрабаевтың тұрғын үй және жер мәселесі бойынша заңсыз әрекеттерге қатысы бар деген ақпарат тарап жатыр. Алайда, Жигули Дайрабаев өзін сүттен ақ, судан тазамын деп отыр. Меркеде сатып алған үй бойынша нотариус арқылы жасалған келісім-шартымыз заңды, үй иелерінің құқықтары сақталған дейді. Дайрабаевтың айтуынша осы үйді сатқан әйелдің бұрынғы жұбайы ақша талап етіп жүр. Ол 1,5 млрд теңге ақшаны Дайрабаев алып, кепілдікке қойып кетіпті деп, қазіргі лауазымымды пайдаланып бопсалау жолын таңдап отыр дейді. Депутат мұндай әрекет бірінші рет емес. Осыдан біраз уақыт бұрын да орын алып, өзін қаралаған азамат сотты болып, айыппұл төлеген екенін айтты. Мәжілісмен тағы да сотқа жүгінбекші.

Ал сотты болып жатқан ұлдарының әрекетіне әкесі ретінде жауап бермейді. Тіпті, қазына қаржысын жымқырған балалары үшін кешірім сұрауға ниетті емес екенін білдірді. Себебі, балаларым өз әрекетіне өздері жауап береді, -дейді.

Бір емес, бірнеше даудың ортасында қалған Жигули Дайрабаев қандай жағдай болмасын, депутаттық мандаттан бас тартайын деп тұрған жоқ. Ол өзін халыққа қажетпін деп санайды.

Осылайша Парламентке ауылды дамыту үшін келген депутат Жигули Дайрабаев ауыл шаруашылық саласына қатысты былықтар бойынша даудан басын көтере алмай жатыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.