0:00 / 0:00
Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар тауардың тоғыз түрі бойынша импортқа тәуелділігі 16,2 пайыздан 56 пайызға дейін барады. Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин журналистердің сұрағына жауабында осылай деді. Жұманғариннің айтуынша, қант бойынша импортқа тәуелділік 90 пайыздан асады.
Үкіметтің алдында импортпен келетін тауар түрлеріне тәуелділіктен арылып, отандық өнімді көбейту міндеті тұр. Бұл мәселе бұған дейінгі үкіметтердің негізгі мақсаты болатын. Бірақ Қазақстандықтар әлі де сырттан келген азық-түлік, басқа да тауар түрлерін сатып алуда. Нарықты қазақстандық өніммен толық қамту мәселесі шешілмей жатыр. Ауыл шаруашылық министрі Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, алты тауар түрі бойынша өзімізді қамтамасыз ете алмай отырмыз.
Үкіметтегілер нарықты отандық азық-түлікпен қамту үшін кәсіпкерлерге 2,5 пайыздық бюджеттік несие беріп, мәселені шешеміз деп отыр.
Қазір елімізде әлеуметтік маңызы бар тауардың тоғыз түрі бойынша импортқа тәуелділігі 16,2 пайыздан 56 пайызға дейін барады. Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің айтуынша, қант бойынша импортқа тәуелділік 90 пайыздан асады. Өз кезегінде Премьер-Министр Әлихан Смайылов сауда мен ауыл шаруашылық министрлері және әкім дерге «Азық-түлік корпорациясы» жұмысын қайта құруды тапсырды. Үкімет басшысының айтуынша, қазір жалпы сыйымдылығы 2 млн тоннаға жуық көкөністер мен жемістерді сақтайтын 1 200-ден астам нысан бар. Бірақ бұл жеткіліксіз. Олардың көбі әбден ескірген. Жаңа көкөніс қоймалары қажет. Фермерлер Бірыңғай мемлекеттік субсидиялау ақпараттық жүйесіне шағым айтуда. Бұл саладағы өндіріске теріс әсерін тигізуі мүмкін, - деді Әлихан Смайылов.