Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

СТАТИСТИКА ӨТІРІК СӨЙЛЕЙДІ

c 15:41, 01/05/2023 c 140

0:00 / 0:00

Еліміздің Ұлттық Статисткиа бюросы өтірік сөйлейді. Парламент Мәжілісінің депутаты Елнұр Бейсенбаевтың Стратегиялық жоспарлау және реформалау агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиевке жолдаған сауалында, халықтың табысы мен азық-түлік бағасы, жұмыссыздық бойынша ресми статистика шынайы өмірге сәйкес келмейді деп мәлімдеді.

Депутат Елнұр Бейсенбаев Ұлттық статистка бюросын өтірікті сендіріп айтуға машықтанып алған деп айыптады. Депутат өмірдегі шынайы мәлімет пен статистиканың көрсеткішінде сәйкестік жоқ деп отыр. Ресми статистикаға сенсең қазақстандықтардың орташа жалақысы әлдеқайда өсіп, табысы артқан. Біз айтып жатқан соншалықты қымбатшылық жоқ. Жұмыссыздық да азайған. Бірақ депутаттардың зерттеген мәліметтері ресми мәліметтен он есеге көп.

Шындап келгенде, елді қымбатшылық қысып, азық-түлікке баға шарықтап жатыр. «AMANAT» партиясының мониторингтік топтары азық-түлік бағаларын қадағалап,нәтижесінде, пияздың бағасы 350 теңге, қияр мен қызанақ – 1600 теңге, ал жұмыртқаның бағасы 600 теңге өскен. Яғни 1,5-2 есеге дейін, 70-100 процентке бағаның шарықтағаны байқалады. Депутат дүкенге баруға қорқасың дейді.

Статистика бюросының ресми мәліметіне сүйенсек, Қазақстандағы орташа жалақы 339 мың теңгені құраса, халықтың жан басына шаққандағы табысы – 166 мың теңгені құрап отыр. Алайда, бұған да халық сенбейді. Себебі, ең төменгі жалақы 70 мың теңгені құрайтын қоғамда, орта жалақы одан
5 есеге көп болуы мүмкін емес дейді Бейсенбаев. Сондықтан кедей халықтың табысы күрт артты дегенге де ешкім сенбейді. Ал елдегі жұмыссыздық туралы сатистикада да сәйкессіздік бар. Соңғы 3 жыл бойы Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы халықтың небәрі 4,9 проценті, яғни 450 мың адам жұмыссыз дегенді алға тартса. Шындығына келсек, осы топтадағы жұмыс істемейтін, тіпті оқымайтын жастардың саны 380 мыңды, ал өзін-өзі жұмыспен қамтитын, яғни тұрақты табысы жоқ жастардың саны 300 мыңнан асып жығылады. Сонда тек жас азаматтардың кемі 750 мыңы жұмыссыздар қатарында. Бұл ресми статистикалық көрсеткіштен 10 есеге көп дейді мәжілісмен. Депутаттар Ұлттық сатистика бюросынан шынайы, халықтың әлеуетін ашық көрсетуді талап етті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.