0:00 / 0:00
Қазақстандық банкирлер Форбс тізіміне қалай ілікті? Бұл сұраққа үкіметке сауал жолдаған депутат Еділ Жаңбыршин жауап іздеп көрді. Депутаттың айтуынша, «Самұрық-Қазына» қорының жекеменшік банктерде орналастырылған қаржы активтері мен ақшасы 5,9 триллион теңгені құрайды. Қор мемлекеттегі қаржының көбін жекеменшік банктерге салып, пайдасын сол банктер көріп отыр. Мәжілісмен жекеменшік банктерге орналастырылған «Самұрық-Қазына» Қорының 6 триллиондай қаржылық активтерін мемлеекттік компанияларға орналастырған ұтымды дейді.
Депутат Жаңбыршиннің келтірген мәліметтеріне сүйенсек, соңғы үш жылда әр түрлі жобаларға мемлекеттің кепілдігімен тартылған несие 2,2 триллион теңгені, ал Үкіметтің алған қарызы 1,8 триллион теңгені құрады. Бұл инвестициялық жобаларға бөлінген ақшаның негізгі бөлігі екінші деңгейдегі жекеменшік банктерге орналастырылған. Өткен жылы «Самұрық-Қазына» қорының жекеменшік банктерде орналастырылған қаржы активтері мен ақшасы 5,9 триллион теңге болған. Осылайша мемлекеттегі қаржының көбі жекеменшік банктер арқылы айналымға жіберілген. Мәжілісмен, жоғарыда айтылған қаржылардың 1,0 триллион теңгесін бір жекеменшік банкке орналастырсақ, бұл банк жылына орташа есеппен
150 миллиард теңге табыс табатынын айтады. Яғни қазына қаржысы есебінен екінші деңгейлі банктер байып отыр.
Жаңбыршиннің айтуынша, жеке банктер сияқты қызмет көрсете алатын бірқатар мемлекеттік қаржы институттары елдегі ақша активтерін орналастырудан шеттетілген.Олар үлкен қаржылық шығынға ұшырап жатыр. Ал мемлекет оларды банкроттықтан құтқару үшін қаржы құйып әлек. Мәжілісмен жекеменшік банктерге орналастырылған «Самұрық-Қазына» Қорының 6 триллиондай қаржылық активтерін банктерге салғанша, мемлекеттік компанияларға орналастыру керек дейді.
Халыққалаулылары үкіметтің инвестициялық жобаларға алатын несиелері, қарыздары, оған бөлінетін бюджеттік қаражаттары мемлекеттік қаржы институттарында орналастырылуы керек деген ұсыныстарын премьер-министр Әлихан Смайыловқа жолдады.