Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

КЕДЕНДЕГІ ЖЕМҚОРЛЫҚ

c 10:33, 23/04/2023 c 115

0:00 / 0:00

Қытаймен шекарадағы сыбайлас жемқорлық деректері мен олардың Тұңғыш Президенттің отбасымен байланысы туралы сұраққа қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жауап берді. Оның мәліметінше, аталған шекарада көптеген заңбұзушылықты анықталған. Бас прокуратура және басқа да органдармен бірлесіп жұмыс тобы құрылды, жұмыс істеді, барлық анықталған дерек құқық қорғау органдарына берілді. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Былтыр олардан шамамен 50 миллиард теңге өндірілді. Бірнеше экономикалық оператор заң бұзған деген мәліметімен бөлісті вице-премьер.

Экс-Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасы мен туған-туыстарына қатысты мәліметтердің бірі – олардың Қытаймен шекарадағы сыбайлас жемқорлық деректеріне қатыстылығы болып отыр. Қоғамда "Кеденді Тұңғыш Президенттің отбасы мен жақындары бақылайды" деген қауесет тарағанды. Тілшілер бас қаржыгер Ерұлан Жамаубаевтан осыған қатысты сұраған едік. Вице-премьер бұл қауесетті жоққа шығармады. Кедендегі осы заңсыздықты анықтау нәтижесінен, бюджетке 50 миллиард теңге түскен.

ЕРҰЛАН ЖАМАУБАЕВ – ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, ҚАРЖЫ МИНИСТРІ "Негізі, былтыр еліміздің Президенті кеден саласындағы тәртіпті қалпына келтіру туралы тапсырма бергенін білесіздер. Осыған байланысты көптеген заңбұзушылықты анықтадық. Бас прокуратура және басқа да органдармен бірлесіп жұмыс тобы құрылды, жұмыс істеді, барлық анықталған дерек құқық қорғау органдарына берілді. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Әрине, соның ішінде, бюджетті заңбұзушылар тарапынан уақтылы төленбеген сомалармен толықтыру. Былтыр олардан шамамен 50 миллиард теңге өндірілді. Бірнеше экономикалық оператор заң бұзған. Соңғы бенефициарларды өзіңіз атадыңыз".

Жамаубаевтың айтуынша, шын мәнінде олар көп. 15-тен аса экономикалық оператордың үстінен қылмыстық іс қозғалған. Өздеріңізге мәлім, экс-президент Назарбаевқа үстемдік беретін елбасы мәртебесі туралы конституциялық заң күшін жойды. Дегнемен бұл экс –президент Нұрсұлтан Назарбаевты қылмыстық қудалау иммунитетінен айырмайды – бұл норма Конституцияда тікелей жазылған. Ал оның отбасы мен туған-туыстары мұндай артықшылықтан айырылып отыр. Яғни Назарбаевтың жеке басы ғана экс-президенттер туралы заңмен қорғалады. Тиісті заң күшін жойса да, үкімет экс-президенттің кеңсесін қаржыландыруды тоқтатпай отыр. Қаулы шығаруға да асығар емес. Еске салсақ, бірінші президенттің кеңсесі 2019 жылы Назарбаев биліктен кеткеннен соң құрылған болатын.

2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджетте экс-Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңсесін қаржыландыруға 5,6 млрд теңге бөлінген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.