Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ТАРИФ ӨСЕ МЕ?

c 20:56, 19/04/2023 c 119

0:00 / 0:00

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тарифті өсіруден түскен қосымша қаржыны тек мемлекеттік инфрақұрылымды жаңғыртуға бағыттау керектігін айтты. Бұл жайында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелеріне арналған жиында сөз болды. Мемлекет басшысы үкіметтің жылумен қамтамасыз ету жұмысын сынады. Коммуналдық саланы жаңғырту үшін жаңа тарифтік саясатқа көшу керектігін айтылды. Тоқаев тарифті көтермесек, қала мен ауылдың инфрақұрылымы дамымайды деді.

Ел президенті бензин мен дизель отынының қымбаттауына қатысты ойын айта келе, тариф мәселесін көтерді. Қасым-Жомарт Тоқаев коммуналдық шаруашылықты одан әрі дамыту жөніндегі жұмысты түбегейлі қайта құру қажет екенін ескертті. Президенттің айтуынша, Қазақстандағы ЖЭО-ның жартысынан астамына қауіп төніп тұр, кейбір қалаларда тозу деңгейі 80 пайыздан асады. Ал орталықтандырылған жылумен қамтылған 80 қалада бұл көрсеткіш 75-тен 92 пайызға дейін жетті. Бұл орайда Президент коммуналдық шаруашылықты жаңғырту мақсатында жаңа тарифтік саясатқа көшуді қамтамасыз етуді тапсырды.

Ал тарифті өсіруден түскен қосымша қаржы тек қана коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға жұмсалып, жұмысшылардың жалақысын көтеруге бағытталуы қажет деді Президент. Энергетика министрі бұл шаруа қолға алынатынын айтты.

АЛМАСАДАМ СӘТҚАЛИЕВ – ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ «Иә, мемлекет басшысы айтқандай тарифтерде өзгеріс болады. Жылу бері мерзіміне қарай инвестиция көлемі қанша болады, оның көлемі есептеледі. Инвестиция тартылса ғана тарифтерді өсіруге рұқсат беріледі. Яғни тарифтің өсуін тікелей бақылаймыз. Бұл қаражат станциялардың, коммуналдық кәсіпорындардың ресурстарын қалпына келтіруге бағыттталады, бақылауда болады»

Сондай-ақ, бас энергетик Сәтқалиев сұйытылған газ бағасы көтерілетінін айтты. Министрдің айтуынша, газ өндіру айтарлықтай шектелген. Қазақстанда газ өндіріп отырған компаниялардың тапшылығын жабу үшін газ бағасын кезең-кезеңімен өсіру көзделіп отыр. Өсім 5-10 теңге шамасында, жақын арада орын алады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.