Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ДАЙРАБАЕВ МӘЖІЛІСТЕН КЕТПЕЙТІНІН МӘЛІМДЕДІ

c 11:48, 13/04/2023 c 148

0:00 / 0:00

Депутат Жигули Дайрабаев Мәжіліс депутаттығынан кетпеймін деп мәлімдеді. Бүгін өткен Мәжілістің жалпы отырысында Дайрабаев жақында сотталған балаларының кінәсі жоқ екенін айтты. Сондықтан ол депутат мандатын тапсырмаймын деді. Еске сала кетейік, Жигули Дарйбаеавтың екі ұлы -Марат Дайрабаев пен Дидар Молдахалық 550 млн теңге субсидияны мақсатсыз пайдаланды деп, істі болып, шартты түрде бес жылға сотталған болатын.

Дайрабаевтың дауы бітер емес. Өткен аптада мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаевтың екі ұлына қатысты сот шешімі шыққан болатын. Еске түсіріп өтейін. Депутаттың ұлдарына қатысты алаяқтық туралы қылмыстық істі Тараз соты қарады. Қылмыстық іс бойынша Жамбыл облысы әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары Ерлан Күлкеев 6 жылға, кәсіпкер Елжан Елібай 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал депутаттың екі ұлы -Марат Дайрабаев пен Дидар Молдахалық шартты түрде бес жылға сотталып отыр. Айыпталушылар "Альбион" құлпынай көшеттерін сатып алу үшін мемлекеттен субсидия алып, бір бөлігін жеке қажетіне жұмсаған. Осылайша мемлекетке 550 миллион теңгеден астам шығын келтірілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Балалары істі болып жатқанда, Дайрабаевтың Парламент төрінде депутат болып отыруы қаншалықты заңды? Қоғамда Жигули Дайрабаев бұл жағдайдан соң мандатын тапсыруы керек деген пікір айтылды. Бұған дайін «Ауыл» партиясы фракциясының жетекшісі Анас Баққожаев әріптесінің балалары үшін жауапты емес екенін, мандатын тапсырмайтын мәлімдеген болатын. Журналистерге ұстатпай жүрген Жигули Дайрабаев араға бір апта салып өзі мәлімдеме жасады. Ол екі ұлының сүттен ақ,судан таза екеніне сенімді.

Егер аппеляциядан кейін сот балаларын кінәлі деп таныса, депутаттықтан кетесіз бе?-деген тілшілердің сұрағы Дайрабаевтың ашуын тудырды.

Байқағанымыз Жигули Дайрабаев оңайшылықпен мәжілістегі жылы орнын берейін деп тұрған жоқ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.