0:00 / 0:00
«Ұлы дала квартиранттары»- деген ұғым қалыптасқаны жанға батады дейді депутат Дәулет Мұқаев. Мәжілісмен үкімет ұсынып отырған қазақстандықтарды қолжетімді және сапалы баспанамен қамтамасыз ететін мемлекеттік бағдарламалар қолжетімді болмай отыр. Бұл бағдарламалар дұрыс жұмыс істемей жатыр деп мәлімдеді. Мұқаев қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуге арналған бағдарламалардың олқы тұстарын тізбектеп шықты. Ол Үкімет басшысының орынбасары Роман Склярға жолдаған депутаттық сауалында баспана алуға берілетін ипотеканың бастапқы жарнасын азайтуды талап етті.
Жаңа мәжілістің келумен үкіметтің жұмысы көбейіп жатыр. Депутаттар қарша жауған сауалдар легі көп. Басым бөлігі халықтың әл-ауқатын көтеруге арналған. Депутат Мұқаев қолжетімді баспанамен қамтитын мемлекеттік бағдарламалардың халық үшін тиімсіз екенін айтып, сынады. Үйі жоқтың, күйі жоқ дейді ол. Қазақстандықтар үшін баспаналы болу арманға айналған. Себебі, үстемақысы айқайлап тұрған ипотека, бастапқы жарнасына жиғаны жетпей қиналғандар мемлекеттік бағдарламамен берілетін үйдің өзіне қол жеткізе алмауда.
Өз кезегінде депутат үкіметке бұл бағдарламаларды қолжетімді ету үшін оны жеңілдету жолдарын ұсынды. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы «Бақытты отбасы» және «Шаңырақ» бағдарламаларының талаптарына өзгерту керек деді ол. Өкінішке орай үйсіз жүрген жастар арасында ажырасу көп орын алып отыр. Депутат келтірген мәліметке сүйенсек, 2022 жылы 129 707 жұп некеге тұрса, оның 51 220 жұп ажырасқан. Бұл дегеніміз үйленген жастардың 40%-ға жуығы ажырасады деген сөз. Ажырасудың басты себебі материалдық қажеттілік екенін ескерсек, баспана бірінші орында тұр дейді Мұқаев. Бұл орайда жас отбасыларды баспанамен қамту бағдарламасын және аты –шулы 7-20-25 бағдарламасындағы талаптарды өзгертіп, жеңілдетуді ұсынды.