0:00 / 0:00
Генерал Серік Күдебаев қайда? Сот алдынан қашып кеткен Күдебаевтың Қазақстан ешкарасын қалай шығып кеткені белгісіз болып отыр. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұмановтың айтуынша, Күдебаев ресми түрде шекарадан өтпеген. Яғни оның Қырғызстанмен мемлекеттік шекарадан өтуі мүмкін жерлері іздестіріп жатыр дейді бас шекарашы.Ол бұл жайында мәжілістің кулуарында тілшілердің сұрағына жауабында айтты.
Алматы облысы Полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевтың сотты болып жатып, елден қашып кеткені көп сұрақ тудырады? Өздеріңізге мәлім, қашқын генерал қаңтардағы азаптауларға қатысы бар деп танылғанды. 2020 жылдан бастап 2022 жылдың қаңтарына дейін Алматы облысы полиция департаментінің бастығы қызметін атқарғанды. Полиция департаментінің экс-басшысы "ауырып қалды" деген сылтаумен бірнеше рет сотқа келмеді. Прокурор оны 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрағаннан кейін Күдебаев сотқа баруды тоқтатты. Отырыс 5 рет кейінге шегерілді. Жетісу облысының соты сотталушыны келесі отырысқа мәжбүрлі түрде жеткізбекші болған еді. Ол жүзеге аспады. Себебі, генерАл елден қашып кетті. Ал шекара қызметінің басшысы қашқын Серік Күдебаевтың ресми түрде шекарадан өтпегенін айтады.
Енді Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланып отыр. Бас шекарашының айтуынша, қашқын Күдебаевтың Қырғызстанмен мемлекеттік шекарадан өтуі мүмкін жерлері іздестіріп жатыр. генерал Қырғызстанға тау арқылы өтуі мүмкін дейді ол. Ал Қырғызстанмен мемлекеттік шекара 1257 шақырымды құрайды. Алматы бағытында Алатау жотасы бар. Қазір Күдебаевты іздеуге алты шекара заставасынан– 300-ге жуық адам жұмылдырылған. Генерал Күдебаев Қырғызстанға өтіп, ар жағынан үшінші елдерге кетті деген ақпарат та тарап жатыр. Бас прокуратура аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады. Ресми ақпаратқа сүйенсек, экс-полицей елден 23 наурызда шығып кеткен. Ал Шекара қызметі оның қашқанын 27 наурызда бірақ білген.