Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛ МЕН ПАВЛОДАРДЫҢ АТАУЫН ӨЗГЕРТУ КЕРЕК ПЕ?

c 17:42, 05/04/2023 c 213

0:00 / 0:00

Петропавл қаласындағы бірқатар азаматтардың Қазақстанның Конституциясына қайшы келетін мәлімдемелері қоғам арасында резонанс туғызып, халықты алаңдатып отыр. Қазақстанда Сепаратизмге жол жоқ! Бұл еліміздің барша азаматтарының талап-тілегі!
Үкімет құзырлы органдармен бірлесе отырып, жедел қадамдар жасауы керек дейді депутат Ерлан Сайыров. Өздеріңізге мәлім, 19 наурызда Петропавлда 19 сепаратист «Халықтық кеңес» ұйымын құрып, Қазақстан Тәуелсіздігін мойындамайтынын жариялады. Қоғамдағы дау туғаннан кейін ғана, құқық қорғау органдары «қылмыстық іс қозғады» дейді депутат Қазыбек Иса. Ал Ермұрат Бәпи осы жағдайдың аясында Марғұлан Боранбаев пен Данат Намазбаевқа қатысты үкімді қайтадан қарайтын уақыт та, саяси себеп те, ұлттық қауіпсіздік мұқтаждығы да туды деп мәлімдеді. Себебі, олар сепаратизм қаупін алдын ала сезіп, батыл қарсы шығып күрескендер дейді мәжілісмендер. Үкіметке, Ұлттық прокуратураға және Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жолданған депутаттық сауалдар бойынша жедел шешім қабылдау талап етілді. Петропавлда орын алған даудан соң, әлеуметтік желіде ізін суытпай Петропавл мен Павлодар қалаларының атауын ауыстырып, қазақша атау беру туралы ұсыныстар айтылып жатыр.

Жалпы отырыста Петропавлда орын алған жағдайға қатысты бірнеше депутаттық сауал жасалды. Ақжолдықтар еліміздің тәуелсіздігін мойындамайтын 19 сепаратистің түк болмағандай, үйлерінде отырғаны түсініксіз деп даурықты. Қылмыстық кодексте мемлекет біртұтастығын бұзуға шақырғандарға қатаң жаза бар дейді депутат Қазыбек Иса.

Қазақстанда Сепаратизмге жол жоқ!Бұл еліміздің барша азаматтарының талап-тілегі! Депутат Сайыров Үкімет пен құзырлы органдардан бірлесе отырып, жедел қадамдар жасауды сұрады.
Ал бірмандаттық депутаты Ермұрат Бапи Бас прокурордан ұлтаралық араздықты қоздырғаны үшін сотталған Марғұлан Боранбаев пен Данат Намазбаевты босатуды талап етті. Олар "ұлтаралық араздықты қоздырды" деген желеумен әрқайсысы 5 жылға сотталып кетті. Анығында, бұл азаматтар "ұлтаралық араздықтан" бұрын, қазақ халқының намысын жыртып, ұлттық мүддені қорғап, әлеуметтік желілердегі сепаратистік көзқарастарға қарсы шыққаны үшін сотты болды", - дейді Бапи.

Петропавлдық сепераститердің негізсіз мәлімдемесінне соң, әлеуметтік желіде, жалпы қоғамда Петропавлға –Қызылжар, Павлодарға - Ертіс немесе Қаныш Сатпаев сияқты сол өңірде туған ұлы тұлғалардың есімін беру туралы ұсыныстар айтылуда. Отыз жыл бойы қазақшаланбай отырған екі қаланың атауын өзгерту керек пе? Депутаттар да қоғамның пікірін қостап отыр. Бірақ ресми түрде Парламент бастама жасай алмайды.

Бұл бастама жүзеге асу үшін аталған қалалардың тұрғындарынан ұсыныс түсіп, мәселе ономастикалық комиссияда қаралуы керек. Тек сонда ғана депутаттар қолдау жасай аламыз деп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.