0:00 / 0:00
Биыл республика бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарымен 11 мың шақырымдай автожол қамтылмақ. Бұл – республикалық желінің 7 мың шақырымы және жергілікті желінің 4 мың шақырымы. Республикалық желі бойынша 3,6 мың шақырымда құрылыс және реконструкция жұмыстары жалғастырылады, соның 856 шақырымын аяқтаймыз, - деп отыр Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі өкілдері мен «ҚазАвтоЖол» ұлттық компания басшылығы.Елдегі автожол сапасы журналистермен өткен баспасөз маслихатында айтылды.
Жалпы биыл республика бойынша 11 мың шақырым жол жөндеуден өтпек. Соның ішінде 7 мың шақырым республикалық маңызы бар жол болса, 4 мың шақырым жергілікті жерлердегі автожол. Осылайша жолға жауап беретін қөұрылы орган өкілдері жыл қорытындысы бойынша нормативтік жағдайдағы жолдардың үлесі республикалық желі бойынша 92 пайызға және жергілікті желі бойынша 87 пайызға дейін жеткізілетін болады деп сендіреді. Өздеріңізге мәлім, Батыс Қазақстан облысының автожолдарының сапасын сын көтермейді. Өңірде неше әкім ауысты, бірақ жол мәселесін толық шешкені жоқ.
Сондай-ақ, көршілес Ресейдің Самара қаласынан Ақсай арқылы Оралды қосатын автожолдың да сапасы сын көтермейді.
Ал Орал-Атырау жолындағы жөндеу жұмыстары келесі жылдың еншісінде. Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Бековтің мәлімдеуінше, еліміздегі автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 96 мың шақырымды құрайды. Соның 25 мың шақырымы – республикалық маңызы бар жолдар, ал 71 мың шақырымы – облыстық және аудандық маңызы бар жолдар. Ал жаңадан салынған немесе жөндеуден өткен жолдарды күтіп-ұстауды
Ұлттық оператор ретінде «ҚазАвтоЖол» компаниясы жүзеге асыратыны мәлім. Алайда, өңірдегі жолдарды айтпағанда, ірі атвожолдарда қарапайым дәретхананы жиі кездестіру мүмкін емес. Жолаушыларың тоқтап демалуына толық жағдай жасалған деп айта алмайсың. Жолдың сапасыздыған қазақстандықтар еліміздің табиғаты тамаша, демалуға ығңайлы жерлеріне көлікпен жете алмай жолдың зардабын шегіп жатады.