Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҮКІМЕТ ҰЛТТЫҚ ҚОРДАН 800 МЛРД. ТЕҢГЕ АЛАДЫ

c 11:21, 17/03/2023 c 130

0:00 / 0:00

Үкімет тағы да Ұлттық қорға қол сұғып отыр. Сенатта «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы қаралып, мақұлданды. Ұлттық деңгейдегі әлеуметтік маңызы бар жобаларды және стратегиялық маңызды инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру үшін ұлттық қордан 800 млрд теңге көлемінде нысаналы трансферт қосымша тартылады деп мәлімдеді Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы Бауыржан Омарбеков.

Республикалық бюджет шығыстарын жабу үшін үкімет тағы да болашақтың несібесі-Ұлттық қорға қол сұғып жатыр. 2023-2025 жылдарға арналған бюджетті нақтылау барысында, министрлер кабинеті қордан 800 млрд тең көлемінде қаржы тартпақшы.

Қордан алынатын қаржы бюджет шығыстарын жабуға жұмсалмақ. Республикалық бюджет шығысының жалпы сомасы 2 184,0 млрд теңгеге ұлғайып отыр. Вице-премьер Жамаубаев бюджет шығыстарының арту себептерін айтып, ақталды.

Сенаторларды ұлттық қордан қаржы тарту мәселесі алаңдатты. Палата төрағасы Әшімбаевтың айтуынша, қазір ұлттық қордың қаржысы азайып жатыр. Кейінгі 8 жылда ұлттық қорымыздағы қаражат 73 миллиард доллардан 57 миллиард долларға дейін түскен. Ал үкіметтің алдында ұлттық қор қаржысын 100 миллиард долларға дейін жеткізу міндеті тұр.

Спикер министрлерді қазына қаржысын оңды-солды негізсіз жұмсамай, қаржылық тәртіпті сақтауға шақырды.

Сенат «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы мақұлдады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.