Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«МЕКТЕПТЕРДЕ КҮЗЕТ ФОРМАЛЬДЫ ТҮРДЕ ЖҮРГІЗІЛЕДІ»

c 12:16, 17/02/2023 c 141

0:00 / 0:00

Сенатор Нұртөре Жүсіп еліміздегі мектептердің күзет қызметіне қатысты сын айтты. Депутаттың пікірінше, мектептердегі күзет формальды түрде жүргізіледі. Сенатор Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың атына жолдаған депутаттық сауалында еліміздегі білім беру мекемелерінде криминалдық және террористік сипаттағы қауіп-қатерден қорғайтын, оқу орындарындағы оқушыларды, мұғалімдер мен қосалқы персоналды сақтауға арналған қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тиімді жүйесін жасау жөнінде шұғыл кешенді шаралар қабылдауды талап етті.

Сенатор Нұртөре Жүсіптің мектептегі қауіпсіздік мәселесін көтеруіне жақында Петропавл қаласында орын алған төтенше жағдай себеп болды. Еске салсақ, Петропавл қаласындағы төртінші мектепте 9-сынып оқушысы мектепке балта мен пышақ алып келіп, үш баланы жарақаттаған жағдай орын алған еді. Жарақат алған екі оқушы ауруханада жатыр. Депутат
Нұртөре Жүсіп мұндай төтенше жағдайларды болжау жүйесінде, ерте алдын алуда күрделі проблемалар бар дейді. Депутаттың айтуынша, оқушылардың психологиялық портретін жасау, отбасының әлеуметтік мәртебесін анықтау кезінде депрессияға немесе агрессияға бейім балаларды алдын-ала оқшаулау ескерілмеген. Тіпті мектептегі күзеттің өзі формальды түрде жүргізіледі дейді ол.

Сенатор тіпті «Білім туралы» заңда оқушылар мен ұстаздардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы бір ауыз сөз жоқтығын айтып ашуланды.

Жоғарыда келтірген мәліметтерге сай, дамыған елдерде бала қауіпсіздігі басты мәселе екенін еске салған депутат, қазақстандық балаларды қорғау шаруасын тезірек шешуді талап етіп отыр. Шыныменде құзырлы органдар мектептердегі қауіпсіздік шарасы бойынша сансыз есептер беріп, қанша бейнекамера орнатылғанын айтудан жалығар емес. Мектептегі күзет мәселесі кенже қалған. Ауылды айтпағанда бас қала-Астананың мектептерінде күзет міндетін зейнет жасына шыққан қариялар атқарып жатқаны бәрімізге мәлім.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.