Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

САПАСЫЗ ЖОЛДАР

c 10:19, 14/02/2023 c 130

0:00 / 0:00

Автомобиль жолдарының сапасына қатысты халықтан түсіп жатқан шағым көп. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов жолдың нашарлығы жол апатына себепші болып, адамдардың өліміне әкеледі, транзиттік тасымал көлемін азайтады, сонымен қатар елдің имиджіне теріс әсер етеді деді. Сапасыз жолдар мәселесі . Мемлекет басшысының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі республикалық штабтың отырысында талқыланды. Жиында автомобиль жолдарын салу және реконструкциялау мәселелері қаралды –деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Үкіметтің алдында 2030 жылға дейін 8 мың шақырым республикалық және 14 мың шақырым жергілікті автожолдарды сапалы салу мен реконструкциялау міндеті тұр. Осы жылы 11 мың шақырым автомобиль жолдары, оның ішінде 7 мың шақырым республикалық желі жөндеу жұмыстары жүргізіледі деген жоспар бар. Жол сапасына қатысты үш өңірде көрсеткіштер орташадан төмен болып тұр. Бұл тізімде Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Атырау облыстары тұр. Снх. ӘЛИХАН САМЙЫЛОВ – ӨР ПЕРМЬЕР-МИНИСТРІ
Премьер-министр Смайылов соңғы уақытта автомобиль жолдарының сапасына қатысты шағымдар көп екенін айтты. Жолдың нашарлығынан жол апаты орын алып, адам өліміне әкеп соғуда, транзиттік тасымал көлемін азайтып, елдің имиджіне де теріс әсер етеді. Ал жол салу және жөндеу жұмыстарын қатаң қадағаламай отырған әкімдер цифрлы заманда оны жасыру мүмкін еместігін ұмытпауы тиіс дейді Смайылов. Қардың үстіне асфальт төсеп жатқан деректер де жоқ емес.

ӘЛИХАН САМЙЫЛОВ – ӨР ПЕРМЬЕР-МИНИСТРІ «Абай облысы Көктерек ауылында қардың үстіне асфальт төселген.Ал Павлодар облысында асфальтты жолға шашып тастаған. Кейбір өңірлерде халық өзі жолдарды жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Алматы облысы Рысқұлов ауылында, Маңғыстау облысы Атамекен ауылында осындай жағдайлар орын алды. Сонымен қатар бір учаскеде жыл сайын жөндеу жұмыстары жүргізілген фактілер бар».

Премьер-министр Смайылов әлеуметтік желіде жұмыстың регламент бойынша емес, жаңбыр, тіпті қар жауып жатқан кезде жүргізіліп жатқаны түсірілген көптеген бейнеролик пен фотосуреттер толып жүр деп ашуланды. Үкімет басшысы жол салу әдістерін түбегейлі өзгертуді талап етті. Ал осы жылдың соңына дейін «Мерке-Бурылбайтал», «Ақтөбе-Атырау-Астрахан», «Алматы-Өскемен», «Өнеге-Бейсен», «Казталовка-Жәнібек», «Үшарал-Достық» сияқты маңызды автожол жобаларының аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.