Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ТҮРКИЯДАН ЖЕТКЕН СУЫҚ ХАБАР

c 21:17, 10/02/2023 c 134

0:00 / 0:00

Түркияның Хатай провинциясындағы толығымен қираған ғимараттан қазақстандық құтқарушылардың күшімен екінші қазақстандық - Мирболат Құрмашевтың денесі табылып, шығарылды деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі. Ал бұған дейін бейсенбіде қазақстандық құтқарушылар толығымен қираған алты қабатты ғимараттың қирандыларын тазалау кезінде Қазақстан азаматы Әділ Қадырбековтің денесін тапқан болатын. Сыртық істер минситрлігінің хабаралуынша, із-түссіз жоғаып кеткен тағы бір қазақстан азаматы іздестіріліп жатыр.

Түркиядан жеткен суық хабар әлеуметтік желіде тез тарады. Түркиядағы зілзаладан соң жоғалды деп, іздеуде болған екі қазақстандық азаматтың мүрдесі табылды. Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі Түркияның Хатай провинциясындағы толығымен қираған ғимараттан қазақстандық құтқарушылардың күшімен екінші қазақстандық - Мирболат Құрмашевтың денесі табылғанын хабарлады.

Ал бұған дейін бейсенбіде қазақстандық құтқарушылар толығымен қираған алты қабатты ғимараттың қирандыларын тазалау кезінде Қазақстан азаматы Әділ Қадырбековтің денесін тапқан болатын. Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин әлеуметтік желіде Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқан қазақстандық Мирболат (Мирус) Құрмашев туралы жазба қалдырды. Мәлім болғандай министр мақұммен бірге оқыған екен. «Мирус екеуіміз курстас болдық. Ол өте креативті еді, ауқымды дүниелер жасағысы келетін, тартымдылығының арқасында адамдарды ұйымдастыра алатын. Дінге берік адам еді. Астана Хабты құру бойынша алғашқы қадамдарын бастағанда ол көп көмек етті, тегін, ешқандай келісімсіз. Қолынан келгенін істеп, Қазақстанның IT-саласын дамытуға үлесі мен көмегін қосты»-деп жазды ол. Мусиннің айтуынша, марқұм Құрмашевтің бірнеше бизнес бастамалары болған. Кейінірек идеяларын шет елде жүзеге асыруды ұйғарған.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілінің хабарлауынша, жер сілкінісінен аман қалған Сәбина Мамадиярова қазір Адана қаласындағы ауруханада ем алып жатыр. Оған зақымданған қолына ота жасалған. Қазір жағдайы тұрақты. Ресми өкіл Смадияров Түркияның Кахраманмараш қаласында тағы бір қазақстандық іздестіріліп жатқанын айтады.

Анадолы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Түркияда жер сілкінісінде көз жұмғандар саны 18 мыңнан асып, жарақат алғандар 74 мың адамға жетті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.