0:00 / 0:00
Қытай мен Қазақстан арасындағы сауда-саттық деректерінде ауытқулар бар. Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі Ардақ Теңгебаевтың айтуынша, Қазақстан мен Қытайдың кедендік статистикасындағы айырмашылыққа әдістемелік негіздеме себеп болуы мүмкін. Сенаттың жалпы отырысында кедендік әкелу баждарына қатысты заң жобасы мақұлданды.
Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-саттық деректерінде 6 миллиард долларға жуық айырмашылық байқалады. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәлімдеуінше, Қазақстан мен Қытайдың кедендік статистикасындағы айырмашылыққа әдістемелік негіздеме себеп болуы мүмкін. Қытайлық өндірушілер субсидия алып, қосымша құн салығын қайтарып үшін экспорттық бағаны жоғары қылып көрсетуге тырысады. Ал қазақстандық импортерлар болса, керісінше декларациялау барысында кедендік құнды төмендетіп көрсетеді. Аудитор Ардақ Теңгебаевтың айтуынша, Қазақстан мен Қытай арасындағы кедендік статистикада үлкен ауытқушылық бар. 50 пайызға дейін айырмашылық байқалады.
Еске сала кетейік, қытаймен шекарадағы кедендік былықтар туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та мәселе қозғаған болатын. Сауда-саттықта контрабанда орын алып отырғанын, кеден саласында парақорлыққа жол берілгенін айтқан еді. Бұл келеңсіздік көліктік бақылау жүргізуге кедергі жасап, Қазақстанның транзиттік потенцияланы толық қолдануға мүмкіндік беремй отыр деген болатын Президент. Алайда, Тоқаевтың сынан кейін түбегейлі өзгерген ештеңе жоқ. Бүгін сенаторлар кедендік әкелу баждарына қатысты заң жобасы мақұлдаған еді. Құжат кедендік әкелу баждарының сомаларын есепке жатқызу және бөлу, оларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер бюджеттерінің кірісіне аудару тәртібін сақтау мәселелері бойынша бірлескен бақылау іс-шараларын өткізу туралы келісімді ратификациялауды көздейді. Теңгебаев бұл орайда Қазақстан ұтып отыр деп сендіреді.
Сондай-ақ, заң жобасы бюджет қаражатының заңдылығы мен уақтылы қозғалысын бақылауды қамтамасыз етеді деп күтілуде.