Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

САПАСЫЗ БАСПАНА

c 09:58, 09/02/2023 c 115

0:00 / 0:00

2021-2022 жылдар кезеңінде әкімдіктермен салынып, пайдалануға берілген 8 мың
800 пәтерлі кредиттік тұрғын үйлерді кезекте тұрған азаматтарға сату үшін,Отбасы банкін 103 млрд. 500 миллион теңге мөлшерінде жеңілдікті қарыздар беруге қосымша қаржыландыру қажет. Бүгін өткен үкіметтің отырысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарбаев осынша қаржы сұрады.

Баспана кезегінде тұрғандардың мәселесінде шикілік бар. Премьер-министр Әлихан Смайыловқа жеткен мәліметте, осы санаттағы азаматтарды үймен қамтамасыз ету шаралары сапасыз атқарылады. Салынып біткен тұрғын үйлерді ала алмай жүрген азаматтардан шағым көптеп түсіп жатыр. Себебі Отбасы банкінде жеңілдікпен несие беруге қаражат жетіспейді. Сондай-ақ, кезекте тұрған азаматтарға үйді жалдау ақысын субсиядиялау жөніндегі шаралардың тиімділігіне қосымша талдау жасау керек деді Смайылов. Ал мемлекеттік бағдарламамен салынып, берілген үйлердің қабырғасы үгітіліп жатыр деп ашуланды премьер. Смайылов үкімет отырысында әкімдер мен министрлерге сапасыз салынған үйлердің суретін көрсетті.

Премьер-министр бюджет қаржысына салынған үйлерге ревизия жасауды тапсырды. Әкімдіктер шұғыл түрде барлық кемшілікті жоюы керек деді. Мемлекеттік бағдарламамен өткен жылдары салынған 8 мың 800 пәтерлі кредиттік баспаналарды азаматтарға сату үшін Отбасы банкін 103 млрд 500 млн теңге қаржыландыру керек болып жатыр. Министр Қарабаевтың айтуынша, бұл қаржы жеңілдікті қарыздар беруге қосымша қаржыландыру үшін қажет.

Сондай-ақ, министр үкімет басшысына кезекте тұрған адамдардың әлеуметтік жағдайының қиындығы, жалдау ақысын субсидиялау бойынша жұмыс құралдарының әлсіз іске асырылуына байланысты, республикалық бюджетте тұрғын үй төлемдеріне көзделген 40 млрд теңге мөлшеріндегі қаражатты жалға берілетін тұрғын үй үшін 4 мың 167 пәтер сатып алуға бағыттауды ұсынды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.