Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«САЙЛАУ ӘДІЛ ӨТЕДІ»

c 17:59, 02/02/2023 c 136

0:00 / 0:00

Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев алдағы сайлаудың әділ өтетіне сенімді және оны бақылаушылар қамтамасыз етуі керек деп санайды. Сондай-ақ, төраға саяси партиялардың Парламент Мәжілісіне партяилық тізімімен және можаритарлық жүйемен кандидаттарын ұсынуы халықаралық тәжірибеде кеңінен қолданылады дейді. Сенат спикерінің журналистерге берген сұқбатынан үзінді.

Әдеттегідей бейсенбі сайын өтетін Парламент Сенатының жалпы отырысынан соң, тілшілердің палата төрағасына қоятын сұрағы қашанда көп. Наурыздың 19 күні өтетін аралас сайлауда барынша көп дауыс жинау үшін саяси партиялар екі қолын сыбана кірісіп жатыр. Партиялар жарыса съезін өткізіп, Парламент Мәжілісі мен жергілікті жерлердегі маслихаттарға кандидаттардың тізімін жариялауда. Сондай-ақ, партиялық тізіммен және можаритарлық жүйемен партия мүшелерін ұсынуда. Себебі, бұл сайлауда Парламентке бір мандатпен сайланған депутаттар келеді деп күтілуде. Бұл жерде бір сұрақ туады. Саяси партиялар мәжіліске партиялық тізіммен және бір мандатпен түсетін үміткерлерін ұсынуда. Бұл орайда ешбір саяси ұйымға крімейтін бір мандатпен түсіп жатқандарға мүмкіндік беріле ме? Алдағы сайлаудан соң бір партиядан тізіммен және можаритарлық жүйемен сайланған кандаидаттар депутат болды делік. Осы орайда, екі жолмен Парламентке келген депуттар сол партияның мүддесін қорғайтын сөзсіз ғой. Бұл көзбояушылық емес пе деген сұрақтар қойылды төрағаға.

Сенат спикері алдағы сайлаудың әділ өтуі бақылаушылардың жұмысына байланысты болады деген пікірде.

Айта кетейік, бүгін Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы съезін өткізіп, Мәжіліс сайлауына ұсынылған 25 үміткердің аты-жөні жариялады. Оның 19-ы партиялық тізіммен, қалған алтауы можаритарлық жүйемен депутаттыққа өтпек. Олардың арасында өткен жылы Президент сайлауына түскен Нұрлан Әуесбаев та бар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.