0:00 / 0:00
Елде сайлау науқаны қыза бастады. Бір мандатпен сайлауға түсіп, бағын сынағысы келетіндер де жоқ емес. Ал саяси партиялар болса қамданып қойыпты. Елімізде соңғы болып тіркелген «Байтақ» пен "Respublika" партияларын да өзге саяси күштер қатарынан көріп қалуымыз мүмкін. Ал Парламент Мәжілісінің сайлауына тізім ұсынған саяси партиялар тіркеуден өткенге дейін және Конституция мен «ҚР Сайлау туралы» заңына сәйкестікке тексерілген соң Орталық сайлау комиссиясының есебіне 15 АЕК көрсеткіш көлемінде сайлау жарнасын төлейді. Бұл партия тізіміне кірген әр тұлға үшін 1 050 000 теңгені құрайды-деп хабарлады комиссиясының мүшелері.
Алдағы наурыздың 19 күні өтетін сайлау науқаны қыза түсуде. Жалпы сайлау елдегі саяси күштер үшін қалың ұйқыдан қайта ояну сияқты әсер береді. Мәжіліс пен маслихат сайлауынан үміттілер бұл науқанға сақадай сай. Айта кету керек, бұл аралас сайлау. Парламентке өтетін депутаттардың 70 пайызы партяилық тізіммен, 30 пайызы бір мандатпен сайланады. Орталық сайлау комиссиясының мүшелері сайлау жарнасы болатынын еске салды. Бұл кандидаттың, саяси партияның сайлау құқығының кепілі. Сайлау жарнасы тіркеу үшін негіз ретінде қызмет етеді. Ең көп жарна Мәжіліс сайлауына тізім ұсынған саяси партиялар мен кандидаттарға қатысты болып отыр. 15 АЕК көрсеткіш көлемінде сайлау жарнасын төлейді. Сайлау жарнасын Мәжіліс депутаттарының алдыңғы сайлауында сайлаушылардың 5 пайыз және одан көп дауысын алған саяси партиялар төлемейді.
Ал облыс, республикалық маңызға ие қала мен астананың мәслихат депутаттары сайлауына саяси партиялар өз қаражаты есебінен жергілікті атқарушы органға тізімге енген әр тұлға үшін 5 АЕК немесе 350 мың теңге көлемінде сайлау жарнасын төлеуге міндеттеледі. Өз кезегінде саяси партиялар сайлауға қатысуға толық дайынбыз деп отыр. Жаңадан тіркелгендерінің өзі сақадай сай.
Бүгінгі күнге дейін соңғы болып тіркелген «Respublika» партиясы еліміздің 19 өңірінде партиялық тізім бойынша сайланатын мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатыспақ. Партия осынша аймақта өз филиалын ашып үлгеріпті. Жалпы бұл сайлауға еліміздегі жеті саяси партия қатысып, бақ сынамақ.