Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖЫР БОЛҒАН АВТОНЕСИЕ

c 17:31, 24/01/2023 c 123

0:00 / 0:00

Жыр болған автонесие қашан беріледі? Бұл сұраққа құзырлы министрлік те жауап беруден шаршамайды. Өткен жылдың қарашасынан бастап 4 пайыздық жеңілдетілген автонесиене беру жалғасады деген индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ақпараты әлі күнге дейін жүзеге аспай отыр. Енді жаңадан келген министр Марат Қарбаев осы айдың соңына дейін жеңілдетілген автонесие бағдарламасы қайта іске қосылады деп сендіреді.

Өткен жылдың 1 қыркүйегіне дейін банктер 13 307 несиені мақұлдап, 11 мың автомобильдің кілтін иелеріне берген. Ақшаның револьверлік жолмен қайтуы жыл сайын 7,7 млн теңгелік — 1858 авто, 10 млн теңге тұратын 1430 машина алуға мүмкіндік береді. Осылайша 30 жылда елімізде 60 мыңға жуық автокөлік жаңарады. Алайда, индустрия министрлігінің жеңілдтеліген автонесиені беру өткен жылдың қараша айында қайта жанданады деген мәліметіне шындыққа жанаспайды. 2023 жылдың алғашқы айы аяқталуға жақын, жаңа темір тұлпарын алуға кезекте тұрғандар әлі күтіп жүр. Алайда, сол электронды кезекке қол жеткізуде әділетсіздіктер орын алуда. Қазақстандықтар электронды кезекті сату дерегі орын алғанын жарыса айтып жатыр. Су жаңа министр де мұны жоққа шығара алмады.

Министр айтқандай, енді жеңілдетілген автонесиені беру барысын Өнеркәсіптік қолдау қоры бақылауында ұстамақ. Министр 4 пайыздық несиені осы айдың аяғында беріп бастаймыз дейді. Бұған дейін клиенттер алдымен автосалонға жүгініп, содан соң банкке баратын. Өнеркәсіпті дамыту қоры басқа тетікті ұсынып отырған көрінеді.

Автонесие сомасы 10 миллион теңгеге дейін деп белгіленген. Ал автокөлік құны 15 миллион теңгеден аспауы керек. Халыққа қолжетімді болу үшін бағдарламада қымбат көліктер қарастырылмаған дейді Қарабаев. Бұған дейін Индустрия министрлігі автонесие бағдарламасымен 2023 жылы 2 мың көлікті сату жоспарланып отырғанын мәлімдеген болатын.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.