0:00 / 0:00
Қазақстандық автобизнес қауымдастығының мәліметінше, автонарық 22 пайызға өсті. Сөйте тұра, темір тұлпарды сатып алушылар саны артып отыр. Еліміздегі автодиллерлер өткен жылдың 11 айында 110 мың көлік сатқан. Автокөлікті қолма қол ақшаға сатып алушылар басым дейді мамандар.
Қымбаттамаған зат қалмады. Өткен жылы үкімет жеңілдетілген 4 пайыздық автонесиені енгізіп, халықты бір қарық қылам дегенімен, бұл атвокөлік құнының шарықтауына әкеп соқты. Қазақстандық автобизнес қауымдастығының мәліметінше, автонарық 22 пайызға өсті. Сөйте тұра, темір тұлпарды сатып алушылар саны артып отыр. Еліміздегі автодиллерлер өткен жылдың 11 айында 110 мың көлік сатқан.
Осы жаңа жылдан бастап жеңілдетілген автонесие қайта жаңғырады дегенді үкіметтегілер. Бірақ салондарда көлік тапшы болып отыр. Сатып алушылар көлігін айлап күтуге мәжбүр. Қазақстанда жиналған автоның өзі жүгенсіз қымбаттауда. Еліміздегі көліктерді ресейлік азаматтар жаппай сатып алып жатыр деген биресми ақпарат тарады. Бірақ отандық автодиллерлер шетелдіктерге көлік сатпаймыз деп сендіреді. Автокөлікті қолма қол ақшаға сатып алушылар басым дейді мамандар.
Еліміздегі автосалондарда сатылып жатқан көліктердің ішінде қытай автосына сұраныс өсе бастаған. Себебі олардың бағасы әлдеқайда төмен. Сондай-ақ дизайны да көз тартымды. Ал сапасына қатысты сұрақ тууы мүмкін. Бірақ тұтынушылар ең алдымен бағасына басымдық жасайтыны сөзсіз. Дегенмен, автодиллерлер Chevrolet, Hyundai маркалы темір тұлпарлар көп сатылады дейді.