Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚАҢТАРДА «ЕЛБАСЫ ТУРАЛЫ» ЗАҢ КҮШІН ЖОЯДЫ

c 18:57, 28/12/2022 c 206

0:00 / 0:00

Қазақстанды отыз жыл басқарған экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасы мүшелерін қорғайтын заң күшін жояды. Бүгін Парламент мәжілісі тиісті заң жобасын қарауға қабылдады. Палата төрағасы Ерлан Қошановтың айтуынша, қаңтарда парламент палаталарының бірлескен отырысы шақырылып, сол жерде бұл заң жобасы қаралады.

Мәжіліс елді армансыз отыз жыл басқарған экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтан елбасы туралы мәртебесін алып тастайтын Конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы Конституциялық заң жобасын қарауға кірісті. Әзірге Назарбаев 2000 жылы қабылданған Тұңғыш Президент туралы заңмен толық қорғалып келеді. Елбасы туралы заң оған иммунитет беріп отыр. Ол қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Назарбаев пен оның отбасының дүние-мүлкі де толық қорғалған. Оған тұрғын үйлер мен қызмет ғимараттары, автокөліктер, байланыс жабдықтары кіреді. Сондай-ақ тұңғыш президентке тиесілі қор да заңмен қорғалған. Не керек, экс-президент ел билігін ұстап тұрған кезінде өзін заңмен мықтап қорғап алған. Енді мұның бәрі ұшқан құстай жоқ болуы мүмкін. Конституциялық заң күшін жойғаннан кейін, Назарбаев пен онымен бірге тұратын отбасы мүшелері барлық артықшылықтан айырылады.

Референдум нәтижесі бойынша Ата заңнан Назарбаевқа мемлекет басшысы лауазымына қатарынан екі реттен артық сайлану құқығын беретін ереже алынып тасталды. Сондай-ақ, 91-баптан тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы ретінде тұңғыш президент туралы тұжырымды және оның Елбасы мәртебесі де алынды. Енді Парламент Нұрсұлтан Назарбаевты барлық мәртебе мен артықшылықтардан айыру үшін "Тұңғыш президент – Елбасы туралы" Конституциялық заңының күшін жою қажет. Алдағы қаңтар айында Парламент сенаты мен мәжілісінің бірлескен отырысы болып, тиісті заңның күшін жою туралы мәселе қаралады.

Ал барлық артықшылықтан айырылған соң, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қаңтар оқиғасына қатысы бар-жоғы тексеріле ме деген сұрақ та қойылды.

Айта кету керек, Назарбаев тек экс-президент рентінде тарихта қалады. Бірінші президентке де, болашақ президентке де енді экс-президенттер туралы нормалар қолданылады. Ал заң күшін жойғаннан кейін, Назарбаевтың кінәсі дәлелденсе, оны қылмыстық жауапқа тартуға бола ма?" деген тілшілердің сұрағына, мәжіліс төрағасы Қошанов оның барлық иммунитеті осы заңда қарастырылған. Егер ол күшін жойса, олар да күшінде болмайды, - деп жауап қатты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.