0:00 / 0:00
Қазақстан Францияда жүрген экс-банкир Мұхтар Әблязовті елге экстрадициялау бойынша жұмысты жалғастырып жатыр. Бұл жайында бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев мәжіліс дәлізінде тілшілерге берген сүқбатында айтты. Өздеріңізге мәлім, жақында Франция соты Мұхтар Әблязовқа саяси баспана беруден бас тартқан болатын. Бұл жағдайды еліміздің құзырлы органдары ұтымды пайдаланып қалмақ.
Аты шулы Мұхтар Әблязов соңғы 10 жылда Францияда тұрып жатыр. Өздеріңізге мәлім, Қазақстанда Әблязовқа қатысты 2 қылмыстық іс қозғалған. Ол өзі басқарған БТА банктен млллиардтаған долларды жымқыруға қатысты және банкир Ержан Татішевтің өліміне байланысты 20 жылға сырттай сотталған. Енді Қазақстан үшін қаншама жыл бойы шетел асып, қашып жүрген экс-банкирді елге экстрадициялау мүмкіндігі туып отыр. Себебі, Франция соты Мұхтар Әблязовқа саяси баспана беруден бас тартты.
Прокурордың айтуынша, Мұхтар Әблязовты елге қайтару жұмыстары жалғасып жатыр.Құзырлы орган бар күшін салып жатқан көрінеді.
Айта кету керек Әблязовтың құрған «Қазақстанның демократиялық қозғалысы» біздің елде экстремистік ұйым деп танылған. Экс- банкирден Франция ғана бас тартып қоймай, Америка алқабилер соты ақша ұрлау фактісі бойынша Мұхтар Әблязовқа 218 млн доллар айыппұл салды.