0:00 / 0:00
Парламенттің регламенті өзгеріп, Мәжіліс күшейді. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мәжіліске заң қабылдау құқығы беріледі. Бүгін Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырысында қос палата депутаттары Парламенттің регламентіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды қабылдады.
Қазақстан қос палаталы Парламент. Регламент бойынша Парламентке келіп түскен заң жобалары мәжілісте қаралап, талқыланып, мақұлданып, сенаттың қабылдауына жолданады. Одан әрі жобаны жоғары палата пысықтап барып, қабылдайды. Президенттің қол қоюына жібереді. Енді Парламент регламентіне енгізілген өзгерістер бойынша Мәжілістің рөлі күшейіп отыр. Сенат жоғарғы палата емес Парламенттің екінші палатасы болып саналады дейді әділет министрі. Әуелі Мәжіліс заңды қабылдап, Сенатқа мақұлдауға жібереді. Сенат заң нормаларымен келіспесе де, Мәжіліс құжатты қабылдай береді. Сөйтіп Мәжіліс заңды Президентке қол қоюға жібереді.
Тағы бір жаңалық-келесі жылда өтетін мәжіліс сайлауынан соң Ассамблеядан сайланатын депутаттар болмайды. Олардың саны қысқарып, сенатта ғана отыратын болады. Есесіне сенатта Президент тағайындайтын сенаторлардың саны 10 депутатқа қысқарады. Бесеуі Ассемблеядан болса, қалған бесеуін перзидент тағайындайды. Жалпы Сенат жұмысы өзгерген жоқ, заң қабылдау жұмысына қатысады. Содан кейін Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырыстарында Конституциялық заңдар қабылданады. Үкімет әзірлеген жедел заңдарды палаталардың отырысында қарайды. Сенатсыз Парламент жұмыс істемейді- дейді министр. Өздеріңізге мәлім, қоғамда қос палаталы парламенттен бас тартып, мәжіліс ғана қалғаны жөн деген пікір де бар. Алайда, бұл ұсыныстар жүзеге аспады. Ата заңға енгізілген өзгерістер Сенаттың жұмысын сәл төмендетіп, Мәжіліске үстемдік беріп отыр. Өзгертілген регламент бойынша енді парламенттегі барлық партияның фракция өкілдеріне тең түрде сөз беріледі.
Сайлаудан соң жаңа шақырылым ықпалды Парламент болады деген үміт бар. Үкіметтің депутатар алдында есеп беруі міндеттеледі. Яғни премьер-министр Праламентке жиі келіп есеп бере ме, әлде орын алған жағдай бойынша ғана төбесін көрсете ме? Бұл орайда депутаттардың пікірі әрқилы.
Жаңа жылдың бірінші жартысында Парламент сайлауы өткен соң, жоғары заң шығарушы органға келетін партиялар саны да көбейеді, бір мандатпен сайланған депутаттар да пайда болады.