Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ӘДІЛЕТ МИНИСТРІ НЕГЕ ШАТЫСТЫ?

c 10:09, 20/12/2022 c 546

0:00 / 0:00

Қазақстанда тағы бір партия тіркелді. Әділет министрі Қанат Мусин мәжіліс дәлізінде журналситерге берген сұхбатында қазіргі таңда «Байтақ», содан кейін «Respublica» партиясы тіркелді. Яғни, ресми түрде екі партия тіркеліп отыр деп хабарлады. Алайда, осы ақпарат шығысмен, іле әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлама таратып, Әділет министрлігі 24 қарашада «Respublica» саяси партиясын құру ниеті туралы хабарламаның келіп түскені туралы растау ғана берілгенін нақтылайды деп жазады.

Мәжіліс дәлізінде партиялардың тіркеуіне қатысты сұхбат берген Әділет министрі Қанат Мусин елімізде тағы бір партия тіркелгенін атйқан еді. Ол -«Respublica» саяси партиясы.

Осылайша сенімді түрде мәлімет берген министр Мусиннің жаңалығы жарыққа шығып кеткеннен кейін, іле әділет министрлігінің баспасөз қызметі ақпарат таратты. Онда «Respublica» саяси партиясы әлі ресми тіркеуден өткен жоқ. Министрлік партия құру ниеті туралы хабарламаның келіп түскені туралы растау ғана берілгенін нақтылайды деп жазады. 3 желтоқсанда «Respublica» саяси партиясын құру жөніндегі ұйымдастыру комитеті құрылтай съезін өткізді, тіркеуге құжаттар келіп түседі деп күтеміз. Әділет министрлігі БАҚ өкілдерінен нақтыланбаған ақпарат үшін кешірім сұрайды», - деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі. Осылайша, Қанат Мусин елдегі санаулы ғана партяилардың қайсын тіркеп, қайсын тіркемегенін шатыстырды. Тағы да бірнеше саяси күштер әділет министрлігінің сүзгісінен өте алмай жатыр әзірге.

ҚАНАТ МУСИН – ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРІ «Алға Қазақстан» партиясының өтініш қаралып жатыр. «Ел Тағдыры» партиясынан да өтініш түсті. Тағы екі партия да тіркеуге өтініш берген. Олардың атауы есімде жоқ. Ақпарат көп. Сұрау жіберіңіздер»

Әзірге елімізде әділет министрлігінің батасын алып, ресми тіркелген 7 саяси партия бар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.