Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЕКІБАСТҰЗДАҒЫ АПАТТЫ ҚАЛАЙ БАҒАЛАЙСЫЗ?

c 19:59, 15/12/2022 c 1158

0:00 / 0:00

Екібастұзда бүкіл қала қатып қалатындай апат болған жоқ. Журналистер тым асыра сілтеп, ақпарат берді. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр үкімет дәлізінде тілшілерге берген сұхбатында осылай деген еді. Вице-премьер Скляр Екібастұзда орын алған апатты осылай бағалайды. Ал Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің пікірінше, Қазақстан аумағындағы кез келген төтенше жағдай, тіпті елеусіз болса да, БАҚ арқылы жариялануға құқылы, ал төтенше жағдайға әрекет ету министрліктің міндеті. Склярдың пікірін Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бөліспейді. Спикер ол апатты үлкен апат болмады деп айтуға болмайды. Өйткені қаншама адам зардап шекті, қиналды -дейді.

Вице-премьер Роман Скляр Екібастұзда орын алған жылу желілеріндегі апат бүкіл қалада болған жоқ дейді. Оның мәліметінше, 70 тұрғын үй жылусыз қалды. Екібастұз қаласында 689 көпқабатты тұрғын үйде 15 жылыту пункті ашылды. Көптеген тұрғындар өз пәтерлерде болды, мүмкін тұрғындардың 30 пайызы өз үйлерін күзеткен болар. Бірақ бүкіл қала қатып қалатындай апат болған жоқ. БАҚ беттерінде "Екібастұз қатып қалды" деген сөздер тым асыра айтылған дейді Скляр мырза. 5100 пәтерде тұратын 13 мың адам жылусыз қалды. Яғни шенеунік үшін осынша адамның қақаған аязда жылусыз қалып, үйлері мұзға айналғаны әкетіп бара жатқан апат емес.

РОМАН СКЛЯР – ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ «Маған басқа журналистер ренжімесін, тек Ертіс Медиа холдингінің журналситерінен басқалары негізінен дұрыс ақпарат бермеді. Асыра сілтеді. Ғаламдық апат болған жоқ ғой. Бүкіл қала қатып қалғандай «Қатып қалған Екібастұз» деген артық кеткен ақпарат».

Не керек қытымыр қыстың 30 градустық сарышұнақ аязы қысқан сәтте жылусыз қалған Екібастұздықтардың басынан кешкен қиын кезеңді жылы орнында отырған шенеунік осылай бағалады. Ал оның әріптесі -бас құтқарушы үшін бұл төтенше жағдай. Министр Ильин Сенат дәлізінде Екібастұз жылу электр орталығында болған апатқа қатысты вице-премьердің мәлімдемесіне пікір білдірген еді.

ЮРИЙ ИЛЬИН – ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ «Біріншіден, мен жоғары лауазымды басшыны, Премьер-министрдің бірінші орынбасарын, оның қызметін бағалауға құқығым жоқ. Министрлік үшін айтарым, Қазақстан аумағындағы кез келген төтенше жағдай, тіпті елеусіз болса да, БАҚ арқылы жариялануға құқылы, ал төтенше жағдайға әрекет ету біздің министрліктің міндеті».

Бұл сұрақты Сенат төрағасына да қойған едік. Спикер Мәулен Әшімбаев вице-премьер Роман Склярдың пікірін бөліспейді. Оның айтуынша, бұл жағдайда журналистер обьективті ақпарат берді.

Ал үкімет басшысының орынбасары Роман Склярдың берген мәліметінше, Екібастұздағы ЖЭО-ны жөндеуге 12 миллиард теңге қажет. Екібастұздағы жылу беру желілері әбден тозған. 1981 жылдан бері келе жатқан құбырларды көрдік деді ол.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.