Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«КЕЛЕСІ ЖЫЛ ҚАЗІРГІДЕН ДЕ КҮРДЕЛІ, ҚИЫН БОЛУЫ МҮМКІН»

c 19:12, 12/12/2022 c 1651

0:00 / 0:00

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жыл бұдан да қиын болуы мүмкін деп ескертті. Бұл жайында Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты. Бүгін Астанада Смайылов үкіметі мен облыс әкімдері төрт көз түгел бас қосып, қордаланған проблемаларды, инфляциямен күрес мәселелерін талқылады. Жиын мемлекет басшысының қатысуымен өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұздағы апат өзге әкімдерге сабақ болуы керектігін, әкімдерге бүйрегі бұрып тұратын кадрлардан арылуды, министрлер кабинетіне қымбатшылықпен күрес жолдарын табуды міндеттеді. Үкіметтің кеңейтліген отырысынан толығырақ елордалық тілшіміз баяндайды.

Әдетте үкіметтің кеңейтілген отырысы жыл басында өтетін. Бұл жолы Мемлекет басшысы жаңа жылды күтпей, Смайылов үкіметінің жұмысын қортындылауға кірісіп кетті. Ұлттық банктің мәліметі көңіл қоншытпайды. Желтоқсан айында елдегі инфляция баяуламайды, керісінше, өседі. Ұлттық банктің төрағасы Ғалымжан Пірматовтің мәлімдеуінше, биылғы қараша айында жылдық инфляция 19,6%-ға жетті. Жылдың соңына дейін инфляция 20-21%-ға дейін көтеріліп, 2023 жылдың бірінші тоқсанында шарықтау шегіне жетеді деген болжам бар. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр мен кей өңірлердің әкімдерінің есебін тыңдай келе, үкімет жұмысына көңілі толмайтынын айтты. Себебі, қымбатшылық қысып, инфляция шарықтап, ел экономикасының өсімі төмендеген.Соның ішінде азық-түлік инфляциясы 24,1 пайзыға жетіп отыр. Тоқаев министрлер мен әкмідерге халықтың сыны орнды екенін айтты. Келесі жыл бұдан да қиын болуы мүмкін деп ескертті

Әрине президент бір мезетте жылусыз қалып, мұз қалаға айналған Екібастұздағы апатқа да тоқталды. Петропавлда, Теміртауда, Степногорскіде, Балқашта, Қарағандыда, Ақтөбеде және Риддерде апаттар болды. Бірақ соның ешқайсысынан әкімдер мен министрлер, ең бастысы, меншік иелері тиісті қорытынды жасаған жоқ. Ал жақында Екібастұзда болған төтенше жағдай бұл саладағы ахуалдың қаншалықты күрделі екенін айқын көрсетті деді.

Тоқаев елдегі экономикалық мәселелерді шешу үкімет мүшелерінің, әкімдер мен ұлттық компания басшыларының тікелей міндеті екенін тағы еске салды. Ал жаңа жылды Смайылов үкіметі осы құраммен қарсы ала ма? Бұл сұрақты мемлекет басшысы премьерге қойды.

Қазақстан президенті үкіметке "АрселорМиттал Теміртаудағы" оқиғаны бақылауда ұстауды тағы тапсырды. Президенттің айтуынша, өндірістік жарақаттану проблемаға айналды. Осы жылдың 11 айында өндірісте 1124 қызметкер зардап шекті, оның 157-сі қаза тапты. 2006 жылдан бастап кәсіпорында 20-дан аса апат орын алып, 100-ден аса азаматымыздың өмірін қиды. Тек осы жылы 14 адам қаза болды. Ал әкімдерге бүйрегі бұрылып тұратын кадрларынан арылуға кеңес берді. Жалпы Тоқаев үкіметтің жұмысына төмен баға берді.Себебі, халықты қымбатшылық қысуда. Инфрақұрылымдар іріп-шіріп жатыр. Ал шенеуніктер өзіне жүктелген міндетті толық орындай алмауда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.