Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ЕНДІ СОЛАЙ БОЛЫП ҚАЛСА НЕ ІСТЕЙМІЗ?»

c 09:48, 02/12/2022 c 1897

0:00 / 0:00

Цирфлық даму министрі Бағдат Мусин митинг кезінде интернеттің өшу себебін түсіндіріп, ақталды. Мусиннің айтуынша, интернет шлюзге берілетін электр қуаты жүйелерінде олқылықтар болған. Сол себепті интернет өшіп қалған. Еске сала кетейік, 26 қара күні сайлауда жеңіске жеткен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімінен соң, кешкісін Астанада бір сағатқа интернет өшіп қалғанды. Ал дәл осы сәтте елордада Марат Әбиев бастаған топ митинг өткізген болатын.

Өздеріңізге мәлім өткен сенбіде билік тізгінін қайта қолына алған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімінен соң, кешкісін елордада 300-ге жуық азамат наразылық шеруін өткізгенді. Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мәжіліс дәлізінде берген сұқбатында 26 –ы қараша күні 18 адам ұсталып, әкімшілік жазаға тартылғанын айтты. Вице-министрдің айтуынша, митингіге шыққандар Ақорда жаққа қарай беттеген.

ИГОРЬ ЛЕПЕХА – ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ «Шараға 300 шақты адам қатысты. Бір жарым сағаттан кейін Ақорда жаққа қарай бару туралы ұран айтылды. Іс жүзінде онда митингінің барлық белгілері болған: дауыс үдеткіш, үндеу, шақыру және тағы басқа. Олар Ақорда жаққа қарай бет алған. Сондықтан оларды тоқтатуға мәжбүр болдық. Қазір олардың не үшін шыққандарын анықтап жатырмыз»

Көптеген ақпарат беттерінде наразылық шеруіне шыққандар "Болашақтың архитекторлары" жобасын құрған бизнесмен Марат Әбиевтің жақтастары деп жазып жатты. Вице-министр айтқандай Әбиевтің өзі 15 тәулікке қамалған. Сот шешімінде Әбиевтің "полиция талабына бағынбағаны", "бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзғаны" жазылған. Ал митинг кезінде неге интернет бір сағатқа өшіп қалды деген сауалды тілшілер бүгін сенат дәлізінде цифрлық даму министрі Мусин мырзаға қойған еді. Министр Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты Мемлекеттік техникалық қызметтен алған мәліметін алға тартты. Оның айтуынша, интернет шлюзге берілетін электр қуаты жүйелерінде олқылықтар орын алыпты.

Министр Мусиннен интернеттің өшу себебі митинге байланысты болды ма?-деп қайта сұрағанда...

Министр айтқандай митингі мен интернеттің өшуі сәйкес келіп, «солай болып қалды енді».

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.