0:00 / 0:00
Екібастұздағы жағдай әлі тұрақталған жоқ. Бүгін өткен үкіметтің отырысы қақаған аязда жылусыз қалған Екібастұз қаласының мәселесінен басталды. Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Ысқаовтың мәлімдеуінше, 29 қарашадағы жағдай бойынша Екібастұзда 25 кәппәтерлі тұрғын үй мен 90 жер үй жылу қабылдамай тұр. Еске сала кетейік, қарашаның 27-сіне қараған түні 150 мың адам тұратын Екібастұз қаласындағы жергілікті жылу электр станциясы істен шығып, 30 градус аязда қала жылусыз қалғанды.
Қытымыр қыстың саршұнақ аязы қысып тұрғанда 150 мың тұрғыны бар Екібастұз қаласының жылусыз қалуы күтпеген жағдай ма, әлде меншік иесі мен жергілікті әкімдіктің жұмысының салақтығы ма? Бұл сұраққа жауапты енді тексеру нәтижесінде білерміз. Ендігі үшінші күнге кетті Екібастұз қаласында төтенше жағдай жарияланғанымен, жылу беру мәселесі әлі толық шешімін таппады. 25 көпқабатты үй мен 90 жекеменшік үйде жылу жоқ. Бұл Пауладар облысының әкімі Ысқақовтың өзінің жылы кабинетінде отырып берген мәліметі.
Бұл орайда Үкімет басшысы өзге облыс әкімдеріне ескерту жасады.
Әдетте қыс қамын жаз ойлайтын әкімдер күз айының басында үкіметке жылу беруге дайынбыз деген есеп береді. Пауладар облысының әкімі де мұндай есепті бергені мәлім. Алайда, нәтиже көрсеткендей өңір халықты жылумен қамтуға қатысты жалған ақпарат бергені ме? Бұл үшін
Екібастұз ЖЭО-ң меншік иесі Александр Клебанвопен бірге қала, облыс әкімдері де жауапқа тартылып, отставкаға кетуі керек пе?
Еске сала кетейік, Екібастұздағы жағдайға қатысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке қаладағы ауыр ахуалға жол берген адамдарды жауапқа тартуды және проблема жиі туындайтын энергетикалық активтерді мемлекет меншігіне қайтару мәселесін қарастыруды тапсырғанды.
Бұл қазақстандық олигарх Александр Клебановтың меншігіндегі ЖЭО-да орын алып отырған екінші апатты оқиға. Ағымдағы жылдың 20 наурызда «Петропавл» ЖЭО-2-де үш мұржаның біреуі құлап, қызметкерлерінің бірі үйінділерді астында қалып, қаза тапқаны есімізде.