Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

РЕСЕЙЛІК ПИКАПЕРГЕ ҚАЗАҚСТАНҒА КІРУГЕ ТИЫМ САЛЫНДЫ

c 16:41, 17/11/2022 c 1282

0:00 / 0:00

Желіні шулатқан ресейлік азамат Александр Кирилловқа Қазақстанға кіруге тиым салынды. “Алекс Лесли” деген лақап атымен танымал пикапер қарашаның 19 мен 27 аралығында Алматыда тренинг өткізетінін жариялап, онда ерлерге «қазақ әйелдерін еліктіруді» үйрететінін жариялаған. Әйелдерді азғыруы туралы кітаптар сериясының авторы — Алекс Лесли әлеуметтік желілерде өзінің тренингінің анонсында қазақ қыздарына мобилизация жариялайтынын жазған. Әрине ресейлік азаматтың бұл жазбасы желіде қазақстандықтардың наразылығын тудырды. Кейбір ақпарат көздерінің хабарлауынша, ендігі Алматының полиция департаменті Ресей Федерациясының азаматы А.Кирилловтың Қазақстанға кіруіне бір жылға тыйым салынғанын мәлімдеді. Алайда, бұл хабарламадан еліміздің сыртқы істер вице-министрі Роман Василенко хабарсыз болып шықты.

РОМАН ВАСИЛЕНКО – ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ «Менің бұдан хабарым жоқ. Мәселені зерттейміз. Жалпы мұндай жағдайда не істейді? Бұл азаматқа Қазақстанға келуге тиым салынады. Менің түсінгенім бұл жеке тұлға. Ойына келгенін айтып, жауапсыздық танытып, мәлімдеме жасап отыр. Сондықтан бұл материалды зерттейміз»

Вице-министр Ресейде 140 млн адам тұрады, біз олардың әрқайсының айтқан сөзіне көңіл бөле алмаймыз.Сыртқы істер министрлігі саяси және ресми тұлғалардың мәлімделерін назардан тыс қалдырмайды. Дегенмен, шағым түссе қарастырамыз дейді.

РОМАН ВАСИЛЕНКО – ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ «Егер ол Қазақстанға ұшып келіп жатса, әуежайда шекара өткізу пунктінен бері өткізбейді. Бірден өз еліне кері қайтарылады»

Кейбір ақпарат көздерінің мәліметінше, ресейлік аты шулы жазушы Александр Кириллов 2018 жылы Тайланда «әйелдерді еліктіру» тақырыбында тренинг өткізгені үшін қамауға алынғанды. Оған салық төлемеді, елде жүру режимін бұзды деген айып тағылған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.